Білім саласында немесе кітаптағы қателер.


23.04.2018, 5:20

     Білімнің бастау бұлағы, бала көңілдің қара шаңырағы – мектеп. Біз үшін мектеп – көзімізді ашып, алғаш аузымызға Алла салған «ана» сөзін қалам ұшына түсірген, он сегіз мың ғаламның ғаламатын танытып, үлкен өмір сындарына сынбауғы баулыған бағбанымыз.  

     Не берсе де, не алсақ та біз үшін одан асқан білім ордасы жоқтай бағалаймыз.  Алайда, ақыл кенішінде де атылар артық газдар бар екен. Адамды адамнан ерекшелейтін – ақыл-білімі. Баланың қалыбындағы түйір қисық келешегіне, одан әрі ел болашағына әсер  етеді. Сондықтан да білім жолындағы олқылықтардың орнын толтыру заман талабы.  Әрине 27 жылдық тарихы бар адам да өмір тәжірибесімен түзеледі деп өзімізді жұбатқан болсақ та, бұл жұмыстың басында ес тоқтатқан ел ағалары тұрғанын естен шығармағанымыз дұрыс.

     Педагогиканың қазанында қайнап жүрген ұстаздан оқу құралдарында кездесетін қателер жайында сұрап көрдік.

     Орынбай Ұлбике,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

     Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беретін болағандықтан сөз, тіл, мағына жағына мән бере жүруім заңдылық. Негізінен менің салам бойынша кітаптарда қателер кездесе қоймайды, оның себебін айтпасақ та белгілі шығар. Тіл маманы жүрген жерде қателіктер орын алуы атымызға сын. Десе де айта кететін жайт логикаға салсаң 5 сыныптың қазақ тілінің жоспары дұрыс құрылмаған. Қазақ тіліне енді ғана тереңдей бастаған балаға түсініксіздеу. Жыл басында лексика өтеміз. Сөз мағынасы, сөйлем, антоним, синоним, омоним, жалпылама лексиканы өтіп аламыз да, енді фонетикаға көшеміз. Сөз мағынасын ашып алып, сөздің құрамына, жоқ қайтадын әріпті жаттатуға түсеміз. Дыбыстардан бастап, буын мен үндестік заңын ары қарай тізбейтей бастаймыз. Егер ағылшын курсын бастағанда алдымен сөздер мен сөйлемдерді үйретіп алып барып, әріптерді жаттатса,одан қала оқылуын үйренсеңіз қандай ойда болар едіңіз?!

     Сондай-ақ 7 сыныптың қазақ тілі кітабындағы өрескел қателік есемше мен көсемшенің жұрнақтары ауысып кеткен.

     Гүлайхан Әбішқызы, ата-ана

     Менің бастауыш сыныпта оқитын 2 балам бар. Үлкенім 4 сыныпта, екіншім 1 сыныпта оқиды. Асланым өзі сабағын оқып, үй тапсырмасын жасап жатады. Ал, кішкентайымның үй тапсырмасын бәріміз бірге отырып, ойланып, толғанып әрең жазып шығамыз. Бәрін емес, әрине, арасында сонлдай түсініксіз тапсырмалар бар.  1 сыныптың енді ғана сөйлемдерді қосып оқып жүрген балаға жұмбақтап тұрып, құрмалас сөйлеммен тапсырма беріп қойған. оны байқұс бала қайдан бірден түсіне қойсын. Жұмыстан шаршап келген маған мынаны түсіндіре қал дейді. Жұмыстан шаршап келген бас оны қайдан қорыта қойсын, отырамыз екі баламызбен «не дегісі келді екен» деп. Болмаған соң есептері мен үй тапсырмасын мектепте мұғалім болып жұмыс жасайтын құрбымнан сұрап аламыз. Тым болмаса 1 сыныптың тапсырмасын онайлатып берсе екен. Әрине, НИШ-тың тәжірибесімен өтіп жатқаны жақсы бірақ, сол кітаппен бәрі бірдей білім алып жатыр деп ойлайсыздар ма?

      Менің оқитын 2-ақ балам бар кітабы мен дәптерін алуға шамаш жетеді. ал,  6-7 балалы үйлердің 4-5 перзенті мектепке барады. Оның бәріне 1000-2000-нан 10 шақты кітабы мен дәл сондай жұмыс дәптерін сатып алып бере алмайды ғой. Сонымен қатар кітап-дәптердің 2 бөлімі бар. Біреуін түгелдей алмаған ата-ана екіншісін сатып ала қоюы екі талай. Білімсіз балалар қайдан пайда болып жатыр деп ойлайсыздар? Бастауышта дұрыс оқымаған оқуша жоғары сыныпты да қатырмасы анық. Кейде елдің жағдайын ойламай жатып шешім шығаруға асықпаған дұрыс шығар.

     Баламыз сабаққа күніне 3-4 үп-үлкен кітаптар мен дәл сондай дәптерлерді арқалап кетеді. Тіптен балам көрере айлайды деп кішкене рюкзак алып қойсаңыз кітаптары симай қалуы мүмкін . 5-6 жасар бала тұрмақ ондай ауыр сүмкені жоғарғы сыныптарда да ұстамаған шығармыз. Енді өсіп келе жатқан балалар белдері иіліп әрең көтеріп кетіп бара жатады. Бұл тек білім саласына ғана емес, балалардың денсаулығына да қатты ісер етеді ғой. Кітаптардың қателігін қатты біле бермесем де, балаларымның мектепке барғалы түйген ойым мен көкейдегі сұрақтарым осы болатын.

     Қашан да болмасын, білімді ұрпақ – қамсыз келешектің кепілі екенін ұмытпай жұмыс жасағанымыз абзал.