Қоқыс көшкіні


24.10.2018, 15:00

Жаһанды қоқыс басып бара жатыр. Дамыған елдер бұл мәселені қайта өңдейтін зауыттар салу арқылы шешуде. Бүгінде тау-тау болып үйілген қоқыстан көшкін жүретін жағдайға жетті. Эфиопияның астанасы Аддис-Абеба қаласында осындай жағдай болды.

Қоқыс көшкінінің салдарынан кемінде 46 адам көз жұмды. Өкініштісі, құрбан болғандардың басым бөлігі балалар мен әйелдер. Көшкіннің астында 10 шақты адам жатыр. Қайғылы жағдай болған жерде 150 адам болған. Құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Қоқыс бірнеше тұрғын үйді басып қалды. Адамдар қоқыстың маңында пәтер жалдау арзан болған соң мекендеп келген. Қала маңына 50 жылдан бері қоқыс тасталып келген. Соңғы уақытта бұл қалдықты пайдалану жұмыстары тоқтатылған. Билік өкілдері қазіргі осы маңда тұрып жатқандарды көшіруге күш салуда.