Арктиканың байлығы қанша?


24.10.2018, 15:14

Арктиканың инвестициялық мүмкіндігі алдағы 15 жылда 1 триллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл туралы Арктика экономикалық кеңесі хатшылығының директоры Ану Фредриксон мәлім етті.

«АҚШ-тың «Guggenheim Partners» компаниясы Арктиканың инвестициялық әлеуетін анықтады. Осыған орай оған қажетті инвестиция салынуы керек. Финляндияда өткен Арктика бизнес-форумында Норвегия, Швеция және Ресей сияқты солтүстіктегі елдердің инвестициялық әлеуеті кем дегенде 197 миллиард долларға бағаланатыны айтылды. Бұл дегенің өте үлкен қаржы», – деді ол. Ану Федриксон көмірсутек нарығындағы соңғы жылдарда кездескен  қиындықтарға тоқталды. Арктикалық экономикалық кеңес халықаралық ынтымақтастықты арттыратын бизнес-форум болып табылады. 2013 жылы құрылған кеңес құрамына сегіз арктикалық елдің, сондай-ақ, алты ұйымның 42 мүше-өкілі кіреді.