ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСЕМІЗ?


27.10.2018, 23:02

Франция Президенті Эммануэль Макрон елдің демократиялық өмірін жалған жаңалықтардан қорғау үшін заңды күшейтпек ниетте. Бұл туралы ол «France 24» телеарнасы арқылы тікелей эфирде айтты.

Ол жалған жаңалықтарға қарсы бағытталған заңның дайындалып жатқанын мәлімдеді. Сөйтіп, жуық арада ғаламторда жалған жаңалықтарға қарсы күрес туралы заң жобасының ұсынылмақ. Франция Президенті журналистердің сөз бостандығын құрметтеу мәселесіне назар аударды. «Сөз бостандығы деген ерекше бір бостандық емес. Ол – бостандықтың жоғарғы көрінісі. Сол себепті авторитарлық режимдер жоятын бірінші бостандық осы баспасөз бостандығы. Мұндай жағдайға бас шұлғуға болмайды. Қолымыздан келсе, тұтқындалған журналистерді босатуға араласуға тиіспіз. Сол себепті Франция құндылықтарымызды қолдай қоймайтын режимдермен диалог жүргізуден бас тартпауға тиіс», – деді Эммануэль Макрон.