Табиғаттың ерекше құбылысы


31.10.2018, 22:06

Кенезесі кеуіп жататын аптап дала кенеттен гүлге оранды. Табиғаттың мұндай құбылысы зерттеушілерді таңдандырды. Чили тұрғындары ең сирек кездесетін табиғат құбылысын бейнетаспаға түсіріп алды.

Ғаламшарымыздағы ең құрғақ жер болып саналатын Атакама шөліне қаулап гүл өсіп шықты. Шөл Чилидің солтүстігін орап жатыр. Оның гүлдеуіне өңірде қыс мезгілінде тоқтаусыз жауған жаңбыр себеп болған. Бұл туралы «Metro» ақпараттық агенттігі тарқатып айтты. Атакамада кем дегенде 7 жылда бір ғана санаулы өсімдік өсіп жүрген. Алайда тосыннан  жауған жаңбырдың арқасында бұл жер 2 жыл сайын гүлдейтін баққа айналды. Қазір шөлде флора өсімдігінің 200 түрін байқауға болады. Соның арқасында өңірге ағылған туристер саны айтарлықтай артқан. Шөлдің бұлай гүл бағына айналуы әлемде бұрын-соңды болмаған жағдай. Қазіргі таңда шөлді көргісі келетін шетелдіктер көп. Мемлекет болашақта қараусыз жатқан алып шөл даланы қазынаға қаржы түсіретін туристік нысан ретінде дамытпақ.