«Рухани жаңғыру, Ұлттық тәрбие – ел болашағы»


23.04.2019, 0:36

Қазақ  «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.  Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады.  Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай – талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перезенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс. Екіншіден, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр.  

Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата  салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт – дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз. Жас ұрпаққа сапалы білім мен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата – бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық  салт – дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.  Бір сөзбен айтқанда, бүкіл қазақстандықтар өз елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай, отаншылдық сезімді қалыптастыру мүмкін емес.

Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, өзінің отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата –ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі. Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық  сабақтар мен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып табылады. Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаһанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескертуіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі ата – ана мен мектептің өзара байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы  білімді дарыту – қазіргі кезде көкейтесті мәселенің бірі болып отыр.  Ақиқатыда осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оның ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі  жастарды отаншылдық, елжандылық, партиоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Өткенін білмеген халықтың қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық  өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Отансүйгіштік сезімінің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімді, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Ұлттың сана –сезімімен ана  тілін білуі де, жері елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Жалпы патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана – сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт – дәстүрімізді жатқызсақ, тіл қазақ болуымыз үшін, дін адам болуымыз үшін, салт – дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.

Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын». Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени – рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім – тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.

Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орсан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата – бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл – кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту баршамыздың парызымыз. Сонда ғана  ұлттық сана – сезімді толыққанды жетелеген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық  рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Ұлттық тәрбиені ұлттық сана – сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана – сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз қажет. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.  

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі», - деп дана  халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы  - жас буынды заманына сай лайықты  жеке тұлға   қауымына  артылар жүк ауыр екені баршамызға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі.  Қазіргі таңдағы мақсат – жан – жақты білімді өмір сүруге бейім, ой – тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаның яғни еліміздің патриотын қалыптастыру. Н.Ә. Назарбаев «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз. Елдің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді», деп болашақ ұрпаққа ХХІ ғасырда нені оқыту керектігі, ұстаздарымыздың оларды қалай дайындайтындығы, оқушы бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу, жаңа білімді жай ғана иеленіп қоймай, ол білімді қажетті жерде қолдана білуге үйрету басты мақсат болып табылады.

Қорыта айтқанда, еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Рухани, мәдени саламыздың нығаюуына, адами қасиеттердің жоғарлауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік  болуы да білімге келіп тіреледі. Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ.