"Отбасы- тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы"


29.10.2019, 10:59 Тақырыбы: Отбасы- тәрбие басы, мектеп-тәрбие басшысы Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр ала алмаса,ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берген болатын.Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен,тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Осыған орай, ата-аналардың қатысуымен «Отбасы тәрбие басы, мектеп тәрбие жаршысы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата ананыңалатын орнының ерекше екенін түсіндіру.Ата анаға балаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,үлкенді сыйлауға,сыпайы,ілтипатты болуға тәрбиелеу Отбасының құндылықтарын айта отырып, тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі екендігін, баланы өсіріп тәрбиелеу ата ана міндеті екенін айқындап берді. Ұлылардан қалған ұлы сөздерді талдап,отбасы шағын мемлекет екенін айтып, ата аналарға жағдаяттық сауалдар қойылып, өз пікірлерін ортаға салды. Ата-аналар белсене қатысып, оқушылардың қызығушылықтарын оятты. Оқушыларымыз отбасы құндылықтарын бойларына сініріп,тәрбиелі де ,парасатты боларына үмітіміз арта бермек..Ертеңгі еліміздің болашағы бүгінгі жастарымыздың қолында.