Ең бай адам


01.11.2019, 14:51

 

Әйгілі «Amazon» компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос кеше әлемдегі ең бай адам атанды. Оның дәулеті танымал ауқатты Билл Гейтстен асып түсті.

«Forbes» жүргізетін миллиардерлер рейтингінде «Microsoft» негізін қалаған Билла Гейтс кейінгі орындарға жылжыды. «Amazon» акциясының 2.3 пайызға өсуі нәтижесінде Безостың қаржылық жағдайы 2 миллиард долларға көбейді. Атап айтқанда, акция құнының жоғарылауынан «Amazon» компаниясы негізін қалаушының байлығы  Гейтстен 1,4 млрд долларға асып кетті. «Безостың байлығы 90,5 миллиард долларға жетті», – деп жазады басылым. Ислам елдерінде, қазақ дүниетанымында мұндай көл-көсір байлық үлкен сынақ саналады. Әрі жауапкершілігі де жоғары. Сондықтан, ең бай адам ақшасы емес, ақылы артық әрі денсаулығы зор адам деп түсінген абзалырақ. Асылында, байлық қайырымдылық жасаумен ғана әдемі көрінетіні сөзсіз.