Садыков Аскар Садыкович

39 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,8
  • /
  • Проголосовало: 147
  • Алматы облысы Балқаш ауданы Құйған ауылы
  • Н.Бозжанов атындағы орта мектеп МДШО МКМ
  • Еңбек өтілі: более 5 лет

Жетістіктері

Садыков Аскар Садыкович 1972 жылы 6 тамызда Алматы облысы, Балқаш ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Еңбек жолын Алматы облысы, Балқаш ауданы Құйған ауылындағы Н.Бозжанов атындағы орта мектепте бастап күні бүгінге дейін сол мекемеде математика және информатика пәндері мұғалімі лауазымы бойынша қызмет атқарып келеді. Садыков Аскар аудандық сайыстарда жүлделі орынға ие болып, республикалық, халықаралық қашықтық олимпиадаларында диплом, алғыс хаттармен марапатталған. Шәкірттері аудандық, облыстық олимпиадалар, республикалық, халықаралық конкурстар жеңімпаздары. Облыстық пән олимпиадасынан 2013 жылы Садық Мақпал ІІІ орын, 2015 жылы Абу Ақтоты ІІ орын, 2017жылы Майбасар Мәди III орын иеленген. www.sadyk.ucoz.ru жеке сайты бар, Youtube –та «Мектеп математикасы» каналын ашқан.
Марапаттар, грамоталар, алғыстар, сайыстар:
1. Аудандық «Жыл мұғалімі» байқауы, 2008 жыл – бас жүлде
2. Аудандық Білім бөлімінің Құрмет грамотасы -2013 жыл
3. Аудандық «Үздік педагог» байқауы, 2015 жыл – ІІІ орын
4. Аудандық «Үздік математика пәні мұғалімі» байқауы, 2015 жыл - І орын
5. Аудан әкімінің «Еңбек күні» мерекесіне орай Мадақтамасы – 2015 жыл
6. Аудандық «Жыл мұғалімі» байқауы, 2016 жыл – ІІ орын
7. Ақпараттық технологияларды білім саласында кеңінен қолданғаны үшін халықаралық «Золотая грамота» - 2016 жыл
8. Аудан әкімінің Алғыс хаты – 2017 жыл
9. NiO қашықтық олимпиадасының жеңімпазы, 2017 жыл - I орын
10. Ұстаз тілегі сайтының Алғыс хаты мен Құрмет Грамотасы, 2017 ж.
11. Қазақстан ұстаздары қоғамының координаторы, Алғыс хаты иесі, геометриядан тест авторы, 2018 ж.
12. Мұғалімдер арасында математикадан КиО олимпиадасының жеңімпазы - 2 орын, 2018 ж.
Басылымдар:
2010 ж. «ХХІ ғасыр мұғалімі» жинағында «Бұрыштың түрлері» сабағы
2010 ж. Ізгілік газетінде Смешанные числа сабағы
2013 ж. «Шығармашылық ізденіс – нәтижелі білім берудің негізі» жинағында «Пирамида» сабағы
2014 ж. «Жаңаша оқытудың тиімді жолдары» жинағында «Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру» мақаласы
2014 ж. «Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» жинағында «Жазықтық пен түзудің перпендикулярлығы»
2013-2018ж.ж. - Bilimdiler.kz , Ұстаз тілегі , EduLife.kz , Знанио.ru , КопилкаУроков.ру , Мультиурок , Инфоурок т.б. сайттарында сабақтары жарияланған

Дипломдары мен мақтау қағаздары