Әжібай Жұмагүл Әлиахметқызы

68 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,71
  • /
  • Проголосовало: 7
  • Алматы облысы, Талғар ауданы
  • АГУ
  • Еңбек өтілі: более 5 лет

Жетістіктері

Әжібай Жұмагүл Әлиахметқызы 1980 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келгем. 1997 жылы А. Бубенцов атындағы орта мектебін тәмамдап, осы жылы Абай атындағы Қазақ педогогикалық Университетінің, ПМНО факультетіне оқуға қабылдандым. Аталған оқу орнын үздік аяқтай отырып, осы факультеттің магистратурасында оқуымды 2003 жылға дейін жалғастырдым. Магистратураны аяқтай келе "Педагог -магистр" біліктілігін иелендім. Осы жылдардан бастап педагогика саласындағы еңбек жолым, өз иірімдерімен алға жылжып отырды. Дәл осы жылдарда Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы №13 МЖДШО бар ЖББ орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарудамын. Педагогика саласында қызмет ету жылдарында талай асуларды өткізе отырып, өзіммен қатар білім беріп келе жатқан оқушыларымның жетістіктері де көз қуантарлық жағдайда.
"Ұлағатты ұстаздан-дарынды шәкірт" демекші, білім жолында жетер жетістігіміз, алар асуымыз әлі де алда. Жеткен жетістігімізді атап айтатын болсақ; 2017-2018 оқу жылындағы "Білім беру саласының үздігі"- атты медалымен марапатталуым, бар жеңісімнің жеңісі, яғни еңбегімнің еленгені деп білемін. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының кепілі болып өсіп-өніп, дамып келе жатқан жас бүлдіршіндерімізді білім нәрімен сусындатып, адамгершіліктің ізгі қадір-қасиетін бойларына сіңіре отырып, білім беру менің нақты мақсаттарымның бірден-бір айғағы. Болашақ ұрпақтарымыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болсын, ағайын!

Дипломдары мен мақтау қағаздары