Касенова Зоя Сейтжановна

236 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,43
  • /
  • Проголосовало: 7

Жетістіктері

Жамбыл облысы, Қордай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №27 мектеп

Еңбек өтілі 27 жыл. Жоғары санатты педагог


Ұлтымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай - «Жақсы ұстаз - мектептің жүрегі». Зоя Сейтжановна мектепке атақ-абырой әкелетін, білім мен тәрбиені оқушы санасына сіңіретін, ата- ананың құрметіне бөленетін - жақсы ұстаз! Ол өте қарапайым, білімдар, өз мамандығын шексіз сүйетін, білгенін балаға да, үлкенге де жеткізе білетін, талапшыл, ізденімпаз, қазіргі технологияны жұмысында пайдалана білетін мұғалім. 2016 жылы Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2016 жылы Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысып, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 2018 жылы «Просвещение» Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған оқу бағдарламасы» атты Республикалық олимпиадаға қатысып, олимпиада ұйымдастырушысының І дәрежелі дипломымен марапатталды. 2016 жылы Республикалық «Білім шыңы - Ғылым сыры» редакциясының ұйымдастыруымен өткізілген «Жылдың үздік мұғалімі» жобасына қатысып, ұсынған озық іс-тәжірибесі «Жылдың үздік сабағы» жинақ кітабына «Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру» атты сабақ жоспары енгізіліп, Қазақстан Республикасы көлемінде таралып, өз шеберлігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін редакция мадақтамасымен марапатталды. 2017 жылы Жамбыл облыстық «Озық сабақ» ғылыми-әдістемелік журналына коучинг-сессия жоспары жарияланды. 2017 жылы Республикалық «Білім айнасы» ғылыми-танымдық газетінің қараша айындағы санында «Ата-бабалардың ізі-мәңгілік мұра» атты сабақ жоспары жарияланды.
Зоя Сейтжановна білім беруді заман талабына сай жаңа мазмұнда ұйымдастыратын жаңашыл ұстаз.