Жубанова Ажар Бериковна

194 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,6
  • /
  • Проголосовало: 5
  • БҚО Бәйтерек ауданы
  • Мичурин ЖОББМБ
  • Еңбек өтілі: более 5 лет

Жетістіктері

Мичурин жалпы орта білім беретін «мектеп-балабақша» кешенінің
Ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Б.Жубанованың кәсіптік қызметіне
өзіндік талдауы
1. Кәсіби біліктілігі:
Педагогикалық еңбек өтілі - 6 жыл.
Білімі: жоғары.
Мамандығым:«Шет тілі:екі шет тілі»
Қызметі: Ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Біліктілікті арттыру курстары:
1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» “Өрлеу” БАҰО АҚ БҚО ПҚБАИ, 2017 жыл.
2. «Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» тақырыбындағы ақпараттық республикалық тренинг курсы. «QAZSAQ Media», 2017 жыл.
3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын енгізу жағдайында ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытудың мазмұны мен әдістемесі» “Өрлеу” БАҰО АҚ БҚО ПҚБАИ, 2017 жыл.
4. «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұны жаңарту аясында курсы» “Өрлеу” БАҰО АҚ БҚО ПҚБАИ, 2018 жыл.
2. Өз білімін жетілдіру:

Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере
алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі,
білімді болмаса,басқаларды дамыта,
тәрбиелей, білім бере алмайды.
(А.Дистервег)

Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Сол жолда оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырып, оқытудың тиімді тәсілі мен әдістерін қолданып, әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдай жасау арқылы жалпыға міндетті негізгі орта білім берудің мемлекеттік стандарттарымен анықталған оқушылардың оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде қалыптастыру – ең бірінші мақсатым.
Ұстаздық жолымдағы алдыма келген шәкірттеріме бірінші тәрбие, екіншіден білім беру болып табылады. Ал қазіргі қарқынды дамыған жаңа технологиялар заманында шәкірттеріме өз ойларын ашық, сауатты жеткізе білуіне мүмкіндік беру міндеті тұрды. Сол себепті «Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану арқылы қызығушылықтарын арттыру тиімділігі» тақырыбында жұмыстанып келемін. Оқуға қажетті технологияларды бір-бірімен байланыстырып, тиімді әдістерді игерту арқылы жеткен жетістіктерім де бар.
Өз іс-әрекеттерімнің нәтижелерін тек талдап, бағалап қана қоймай, өз шығармашылық деңгейімді жүйелі түрде толықтыру үшін семинар, конференцияларға қатысып отырамын.
2017 жылы ақпан айында облыстық педагогтар білімін арттыру институтында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын енгізу жағдайында ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытудың мазмұны мен әдістемесі» “Өрлеу” БАҰО АҚ БҚО ПҚБАИ, 2017 жыл.
2018 жылы 12 ақпан айынан 7 наурыз аралығында облыстық педагогтар білімін арттыру институтында «Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұны жаңарту аясында курсы» аясында білімімді жетілдіріп жатырмын.
«Ұстаз жемісі – шәкірт жеңісі» дегендей, оқушыларым интеллектуалдық, шығармашылық қасиеттерін дамытып, мектепішілік, аудандық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен әртүрлі байқауларға нәтижелі қатысып отырады.
Алға қойылған мақсат айқын. Мақсатқа жету үшін – 1% талант, 99% - еңбек қажет екені белгілі. Осы жолда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» дегеніндей, шәкірттерімнің жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру мақсатында өзіндік кәсіптік қызметімді әлі де жүйелі түрде шыңдай беремін.
3. Педагогикалық іс-тәжірибені тарату:
Өз іс-тәжірибемді тарату барысында сабақ және сыныптан тыс шаралардың жоспарларын, мақалалар мен баяндамаларымды кезекті баспа беттері мен электронды сайдтарға жариялаймын:
1. Республикалық әдістемелік «We are the best of all» тақырыбындағы сыныптан тыс шара,№2(3)2018 жыл.
2. Республикалық педагогикалық журнал «Детский сад воспитание и обучение» «Тілім менің -туған тілім»атты педагогтар арасында өткізілген сайыс жарияланды №2,2016.
3. «Жайық үні» Орал қалалық апталық қоғамдық-саяси газетіне «Ағылшын тіліне ықылас танытты» атты мақала,2017 жыл.
4. «kopilkaurokov.ru » мұғалімдерге арналған сайтында «The Kazakh national clothes» тақырыбында
4. Кәсіптік қызметтің тиімділігі:
Менің жүйелі педагогикалық жұмысым (әдістемелік, қолданбалы технологиялар, оқушылармен өзара қарым-қатынас, әртүрлі іс-шарала

Дипломдары мен мақтау қағаздары

Портфолио