Ғалымжан Нұралы Асқарұлы

91 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 4

Жетістіктері

Астана қаласы
№60 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы

1-4 сынып аралығында оқу озаты. Бастауыш сыныптардағы ғылым негіздері, соның ішінде математика пәнінен «URFODU» атты ХІ халықаралық олимпиадасының жеңімпазы. «Ұлт ұстазы» ғылыми-әдістемелік журналының «Талаптың мініп тұлпарын» айдарында Нұралының өмірбаяны мен шағын өлеңі жарияланды. Республикалық жоғары оқу орындары, колледж студенттері мен мектеп оқушыларының арасында өткізілген «Үздік жас зерттеуші» байқауының жеңімпазы. 2015 жылы мектептегі үздік оқуымен, үлгілі тәртібімен ерекшеленгені үшін «Жас қыран» қатарына қабылданып, арнайы төсбелгімен марапатталды. Менталды арифметика» курсының 1-деңгейін, С1, С3, В2 категорияларын бітірген. Сәйкесінше сертификаттардың иегері. «ADVANCE» зияткерлік дамыту орталығы,INNOVATE бағдарламасы бойынша «Менталды арифметика» курсын толық тәмамдағаны үшін грамотамен марапатталды. Менталды арифметикадан Астана қаласында өткізілген ІІ қалалық олимпиадасына қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткендігі үшін алғыс хатпен марапатталды. «ADVANCE» зияткерлік дамыту орталығының кемеңгерлер/генийлер клубының мүшесі.Ағылшын тілінің English Buzz курсын «Basik User», «Beginner», Еlementary» сатылары бойынша сәтті аяқтады.Роботехникадан SCRATCH (негізгі түсінік); SCRATCHDUINO (лаборатория) ;SCRATCHDUINO (робоплатформа); 3D - модельдеу және прототиптендіру модульдерін толық меңгерген. Робототехниканың программалау, схемотехника және 3D–модельдеу курстарын сәтті аяқтады.