Ғалымжанова Әсел Ақболатқызы

92 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 6

Жетістіктері

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№16 С. Мұқашев атындағы жалпы білім беру орта мектептің 11-сынып оқушысы

Республикалық «Ақбота» интелектуалдық марафонында белсене қатысқаны үшін марапатталды. МКҚК «Оқушы орталығы» ұйымдастыруымен өткен: «Тәуелсіз Қазақстанның 20-шы күзгі балы» атты байқауында бас жүлде алды. «Жас натуралистер мен экологтардың «Қазақстан- менің елім» Облыстық байқауында III орын иегері. ҚР Кіші Ғылым Академиясының Маңғыстау облыстық ғылыми практикалық конференциясында баяндамасын ұсынғаны үшін марапатталды. ҚР Кіші Ғылым Академиясының 40-шы Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында ғылыми жоба II дәрежелі диплом алды. Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген «Азаттық аңсап өткен Алаш арыстары» Облыстық байқауында III орын алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық пәндік олимпиадада Құқық негіздері пәні бойынша III орын алды. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Математика» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадада I орын алды. Құқық негіздері пәні бойынша II орын және 2016 жылы еліміздегі жастар саясатының дамуына, Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақжол-жастар» жастар қанатына атқарған абзал еңбегі үшін «Ақжол» ҚДП төрағасы, Парламент Мәжіліс депутаты Азат Тұрлыбекұлы Перуашевтың арнайы алғыс хаты. Қалалық «Ақберен» сайысында I орын алды. 2017 жылы республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша III орын иегері. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты қалалық шығармалар байқауында ынталандыру қағазын алды.