Төлеген Берікбол Зәріпұлы

7 место в рейтинге
  • Общий бал: 4,29
  • /
  • Проголосовало: 17
  • Алматы
  • ҚазҰУ
  • Курс: 4

Жетістіктері

Білімі: 2013 жылы мектепті Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейден «үздік аттестатпен» бітірді. Жоғары білім алу үшін 2013 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «5В050400 – Журналистика» мамандығы бойынша грантқа түсті. 2017 жылы ЖОО-ын үздік дипломға тәмамдады.
Қызметі: Интернет журналистика саласында қызмет атқарады. Martebe.kz ақпараттық білім порталы, Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты, Ozattar.kz – Қазақстан білімділерінің энциклопедиясы сайттарының негізін қалаушы.

Мақсаты: Интернеттегі қазақ тілді білім ресурстарын жетілдіріп, шетелдік сайттармен бәсекеге қабілетті жобалар жасау.

Білімі мен тәжірибесі:
• 2013 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «5В050400 – Журналистика» мамандығы бойынша грант иеленіп, 2017 жылы ЖОО-ын үздік дипломға бітірді.
• 2014-2016 жылдар аралығында республикалық Қазақ радиосы мен Шалқар радиосында бағдарламалар жүргізген. «Қазақ спорты», «Студент – жастар сағаты» бағдарламаларының жүргізуші-редактор қызметін атқарды;
• 2016 жылы «Асыл арна» телеарнасынан 3 айлық іс-тәжірибеден өтті. Жұмыс барысында «Рио олимпиадасы» атты арнайы хабар дайындап, эфирге шығарды;
• 2015 жылы «Журналистика» мамандығы бойынша студенттер арасындағы пәндік олимпиадада І орын иеленді;
•2016 жылы Қазақстан ЖОО студенттері арасындағы «Ұлттық блогиада» байқауында І орынға ие болды;
• 2014 жылы Мartebe.kz білім сайтының негізін қалап, редакторлық қызмет атқарды;
• 2016 жылы martebe.kz сайты ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры мен мемлекеттік тілді дамыту қорының «Ең үздік білім сайты» аталымы бойынша жеңімпаз атанды;
• 2017 жылы Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтын ашты.
• 2017 жылы Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Жас кәсіпкер» жазғы мектебіне қатысып, «Ozattar.kz – Қазақстін білімділерінің энциклопедиясы» жобасын көпшілік алдында таныстырды.
• 2017 жылы «Quality innovation of the year» Халықаралық инновациялық байқауына «Ozattar.kz – Қазақстін білімділерінің энциклопедиясы» жобасын ұсынып, ұлттық айналымының жеңімпазы атанды.
• 2017 жылы «Zhastar innovation» инновациялық жобалар байқауына қатысты.
• 2017 жылы Qaztest.kz сайты ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры мен мемлекеттік тілді дамыту қорының «Ең үздік білім сайты» аталымы бойынша жеңімпаз атанып, стипендиясын иеленді.

Дипломдары мен мақтау қағаздары