Елбасының жастарға айтқан өсиеті


16.10.2018, 14:12

Сәлем достар! 

Сіздерге елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жастармен кездесу жиындарында жас буынға арнап айтқан ойлы сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. 

***

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».

***

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады».

***

«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл».

***

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».

***

«Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді ұлт. Біздің азаматтарымыздың орта жасы 35-тен аспайды».

***

«Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».

***

«ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс».

***

«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек».

***

«Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады».

***

«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы».

***

«Жұмыс істегісі келгендердің бәрі жұмыс табады және бір емес, екі жұ­мыс тауып, еңбекақы алу мүмкіндігі бар. Тек ниет болуы керек».

***

«Дамыған елдердегі ең басты қағидат мынандай – жұмыс адамды емес, адам жұмысты іздейді».

***

«Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет. Сондықтан да тәртіп пен еңбек сапасы айрықша маңызға ие болуда».

***

«Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отаны­мыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек.

Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол».

***

«Қараңыздар, Жапония, Қытай, Оң­түстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты елдер өздерінің идеялары мен технологияларын шебер орындауының, өздерінің тиянақтылығы мен еңбегінің арқасында табыстарға жетіп отыр».

***

«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім алуға неғұр­лым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар».

***

«Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде балама емес, асқан қажеттілік" дейді Гарвард университетінің нақылдары­ның бірі

***

«Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал».

***

«Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер»!

***

«Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек! Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты».