Теңге доллардың тәуелдігінен қашан құтылады?


18.10.2018, 11:33

                    Теңге доллардың тәуелдігінен қашан құтылады?

Қазіргі таңда доллар бағамы күн санап көкке құлдилап келеді. Бұның әсері біздің төл теңгеміздің құнсыздануына апарып соғады. Бұл вальютаның көтерілуі қазіргі таңда тауар қымбаттылығына ұшыратып отыр. Теңгенің құнсыздануы зейнетақы салаларына болсын өзінің кері әсерін тигізері белгілі. Соңғы екі жылдықта Қазақстан доллар өсу рейтингіннен алдыңғы саптырдан табылған. Төл теңгеміздің құнды кезінде тауар,жанармай бағасы едәуір тиімді, қол жетімді болатын. Мәселен біз экономикамызды дамытсақ, өзіміз өндіріп, өзіміз шығарсақ жағдай басқарақ болар еді. 2015-2016 жылдарға қарағанда 2018 жылдағы теңге құны әлсіремеудің алдында.Ресей рубльмен Қазақ теңгесінің осы жылы едәуір құндыланғанын Ұлттық банк хабарлайды. Негізінен теңгені доллар бодауынан арылту үшін, ішкі және сыртқы саясатты, отандық өнімдерді нарықтау, теңгенің көптеп сауда айналымына түсуі жатады. Және курстық тұрақтылықты жіті бақылаған абзал. Бүгінде бағасы 367 теңге жеткен доллар құны одан әрілесе, халықтың әл-ауқатына, тұрмыс тіршілігіне қыйындық тудырары даусыз. Нақтырақ айтқанда 2012-жылдары доллар құны 150теңгені құраса, 2014-жылы 180теңгені құрады. Соңғы үш жылдықта доллар бағасы осылай шарықтаған болатын.180 теңгеден, 370 теңгеге дейін өсіп, тұрақсыздық белгісі ретінде болған. Ел аузында бүгінгі күнде доллардың аты емес, теңгенің аты жиі қолданыста. Сауда саттықта, бизнес, шоу-бизнес салаларына дейін теңге аты қолданыста. Егерде Ресей мемлекеті доллардан түбегейлі бас тартатын болса, Қазақстанда бұл мәселеден арылатын еді. Доллардың қымбаттауы Қазақстанға миллярдтап қаржы құятын инвесторлардың кетунен деп те есептейді. Жергілікті тұрғындар осыған байланысты ақша сақтау мәселесінен туындайтын тұрақсыздықтарға ашынары белгілі. Мамандардың есептеу бойынша теңге тек 9%-ға құнсызданды деп сараптайды. Бірақта Доллардың тұрақсыздығына байналысты көрші ел сарапшылары біздің төл теңгені 15%-ға дейін құнсызданады деп есептеуде. Бұның салдары бізге кесірін тигізері анық. Шетелден келетін тауарлардың бағасы шарықтап,импорттан қарағанда экспорт салалары маңызды. Отандық сарапшылар Қазақстандық өнімдерді мейлінше ұлғайтуға кеңес беріп отыр. Тіл мамандарының сұхбаттарында халықтың белгілі бір мөлшерінен алған сұхбатырында: Доллардың зейнеткерлерге, жұмыскерлерге ,саудагерлерге және көптеген кәсіп иелеріне тигізген кері әсері баяндалады. АҚШ-тың ұлттық вальютасына тәуелді шетелдік тауарлардың әспеті осындай күйде жалғасып жатыр. Экономистердің болжауынша, тауар бағалары жыл соңына дейін тұрақтамайды деп ескертуде. Сауда нарығындағы: ет, сүт, жұмыртқа сынды шикі өнімдердің тұрақсыздығы, бағасының шарықтауы, дала мен қала халқын алаңдатып отыр. Экономист Айдар Әлібаев, бағаның қымбаттауы Қазақстандықтардың тамақтану сапасының төмендетеді деп тұжырымдауда. Халық енді балықпен ет алмай, картоппен макаронды алып, тағыда жеңіл желпі тағамдарды тұтынып жатқандығын мәлімдеді. Бұндай қыйыншылықтардан сақтану үшін қысқы азық түлікті даярлап, қамданудың негізін көрсетеді, өйткені жыл соңында тағыда девалювация болады деп хабарлайды Айдар мырза.Сарапшылардың дерегі бойынша Қазақстан өзін 60%-ға ғана азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр, ал қалған өнім импортталады. Мысалға, Қытайдан келетін тауарлардың бірінің бағасы 80 теңгемен келсе, Қазақстанға алым салығымен 800 теңгені құрайды. Тағы да сарапшылардың болжауынша, бағаның қымбаттап, ұлттық валютаның құлдырауына мұнайдан бөлек, екінші деңгейлік банктердіңде іс-әрекеттері әсер етуде. Өйткені бәсекеге қатысатын екінші деңгейлі банктердің спекуляциясы төл теңгенің құнсыздануына әкеліп соғады, АҚШ валютасы күн санап көтерілседе ләм деген банкпен үкімет жоқ, енді бағаны реттейтін заң қабылданбаса экономиканың ахуалы тіптен қыйындай түседі дейді мамандар. Сондықтан өкімет ұсыныс беріп,парламент заң қабылдаса бұл жағдайдың бір жақты болатынын белгілі. Қазақ валютасының құлдырауына күн сайын түсіп бара жатқан мұнай бағасыда тікелей әсер етуде. Соңғы төрт айда мұнай барелі 80 доллардан асты, бұған Америкада мұнай қорының азайуы әсер етті,бұның барлығы осы проблемаларды қамтып жатыр. Банк өкілдері еліміздің валюта нарығындағы ахуалды былай түсіндіріп отыр, олардың айтуынша теңгенің айырбастау бағамына мұнай бағамынан басқа әсер ететін бірнеше фактор бар. Олар басты сауда әріптес мемлекеттердегі валюта бағамы,төлем балансы, инфляция деңгейімен әлемдік пайыздық мөлшерлемелер. Теңге бағамының қазіргі құбылуы АҚШ-тың Ресей Федерациясына қатысты қосымша санксалардың теріс ықпалын күтумен, жағдайдың одан әрі қалай өрбитінін білмегендіктен және Ресейдің рубль құнынын өзгеруімен байланысты. Бұған қоса, Бұқаралық ақпарат құралдарындағы белгілі бір алып-сатарлық түсініктемелер АҚШ долларына сұранысты арттырып отыр дейді мамандар. Жағдай Мәскеу биржасының құбылуына байланысты болыпта жатыр. Соның құлдырауының салдарынан мұнай бағасы түсіп, теңге құнсызданып отыр. АҚШ-тық валюта құлдырауынан Ресейлік мырзаларда банкротқа ұшарап жатыр. Бұның барлығы қазіргі таңдағы ауыз толтырып айтатындай,күрделі мәселеге айналды. Нақты шешім, нақты жауап әзірге жоқ. Байыбына әлі жете алмадық. Болашақтағы төл теңгенің тағдыры қандай? Халықтың күн көрісі қалай болмақ? Бәрі тікелей осы көк қағазға байланысты болып отыр. Ұлттық экономикамызды дамыту мақсатында, төл теңгеміздің доллар бодауынан арылу әрекетінде талмай талаптанып, ерінбей еңбек ету міндет. Себебі қоғамды адам өзгертеді, ол адам бізбіз. Қоғамға сауда саттықтық жаңа түрлерін енгізіп, тек өзімізден ғана тауар шығарсақ, бұл теңгеміздіңде, тіршілігіміздің де жақсылығына ұласпақ. Бәрі өз қолымызда.

 

                                                                                                       Нұрқанат Атажан