Әлемнің ең ұзын және ең қысқа адамдар Мысырда кездесті


24.10.2018, 15:08

Мысырдың Мәдениет және туризм министрлігі көпшіліктің ойына келмейтін шара ұйымдастырды. Каирге әлемдегі ең ұзын және ең қысқа адамдар келіп, Хеопс пирамидасының алдында фотоға түсті.

Ең ұзын бойлы адам – түркиялық Сұлтан Көсен мен әлемдегі ең қысқа әйел – үндістандық Джиоти Амге кездесіп, Египеттегі тарихи орындарды аралады. Бұл туралы «Ntv haber» агенттігі хабарлады. Әлемдегі ең ұзын бойлы адам атымен танылып, Гиннестің рекордтар кітабына кірген Сұлтан Көсен Египет еліне алғаш сапарлатып келіп отыр. Бойы 2 метр, 51 сантиметр болатын Көсеннің қасында Джиоти Амге мүлде кішкентай болып көрінеді. Оның бойы небәрі 62,8 сантиметр. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ерекше адамдар Каирде төрт күн болады. Мұндай тарихи кездесу Египеттің туризмін өркендету, шетелден қонақтарды көптеп тарту мақсатында өткізілді.