Ең жылдам салынған темір жол


27.10.2018, 23:06

Қытайлық теміржолшылар өткен жұмадан сенбіге қараған түні 9 сағаттың ішінде 3 бағытты қосатын үлкен теміржол салды. Мұндай жылдам құрылыс туралы жергілікті «КТК» арнасы жаңалық таратты.

Теміржолды салуға 1 500 жұмысшы қатысқан. Олар Ганьлун, Ганьжуйлун және Джонлун бағыттарын Наньлун темір жолына қосу үшін туралы тапсырма алған. Жолды салу үшін мың жарым теміржолшы 23 экскаваторды пайдаланды. Сонымен қоса, жұмысшылар жол жиегіне бағдаршамдар мен тарифтік мониторинг құралдарын да қойып үлгерген. «Жоба аз уақыттың ішінде атқарылды. Бұл жобаны осындай тығыз уақыттың ішінде аяқтауымыз 7 топқа бөлінген мың жарым жұмысшының арқасы. Олардың бәрі бірігіп, бірдей уақытта түрлі жұмыстар істеді», - дейді Қытайдағы теміржол құрылысын жүргізетін негізгі «Tiesiju Civil Engineering» компаниясы директорының орынбасары Джань Даосун. Шындығында, Қытай елінің құрылысшылары жылдамдығымен әлемге танымал.