Токио олимпиадасында "Адам келбетін танитын жүйе" қолданылады


27.10.2018, 23:18

2020 жылғы жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындары кезінде спортшыларды, журналистерді және ресми тұлғаларды кіргізу үшін адам келбетін анықтайтын жүйе қолданылмақ. Бұл жайлы «The Japan Times» газеті хабарлады.

Камералар қарапайым көрермендердің келбеттерін түсірмейді. Жапондық «NEC» компаниясы жасап шыққан жүйе 2016 жылғы Рио Олимпиадасы кезінде сынақтан өткізілген. Оны «Жапондар үйіне» тіркелген журналистерге рұқсатнама беруге қолданған. Жақында осы жүйені Токиодағы «Ханэд» әуежайы төлқұжат тексеруді жылдам өту үшін пайдалана бастаған. Токиода өтетін жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындары кезінде аталмыш жүйе 40-қа жуық нысанға орнатылмақ. Ол 400 мыңға жуық адамның бет-әлпетін сканерлейді деп күтілуде.