АҚШ Президенті Трамптың туындысы аукционға қойылды


31.10.2018, 20:58

АҚШ Президенті Дональд Трамптың 2005 жылы өзі салған суреті аукционға қойылды. Бастапқы бағасы – 9 мың доллар. Мемлекет басшысының сурет салатын қыры әлем жұртшылығына осыған дейін беймәлім болып келді.

Бұл туралы ақпарат «The Hill» агенттігі арқылы тарады. Ортасында «Trump Tower» ғимараты бар Нью-Йорк үйлерінің кескіні бейнеленген сурет қара маркермен салынған және алтын жиектермен көмкерілген. Суреттің астында Трамптың қолы қойылған. Картинаның сипаттамасында туынды 2005 жылы сауатсыздықпен күрес үшін қаржы жинаған қайырымдылық іс-шарасында жасалғандығы жайында жазылған. Мұндай суретті сол уақытта көптеген танымал азаматтар салған еді. Еске сала кетсек, АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама салтанатты жиындарда қыздармен ламбада билеп, көрерменнің ықыласына бөленетін. Ал Дональд суретшілік қырымен танылып қоймай, картинасын сатуға шығарып, пайдаға кенелуді көздеп жүр.