448 мың доллар табыс табатынын блогер


31.10.2018, 22:21

Сағаттап тікелей эфирге шығуға маманданған Қытай елінің ең бай блогері Леле Тао орташа алғанда жылына 448 мың доллар табыс табатынын айтты. Бойжеткен елдегі ең көп ақы төленетін блогерлердің бірі саналады.

24 жастағы ғаламтор жұлдызы  бірнеше сағат бойы камераның алдында отырып, ән айтып, би билейді. Блогер қыз тікелей эфирге үш сағат бойы дайындалады, ал трансляция тоғыз сағатқа дейін созылады. Тао өзінің миллиондаған аудиториясының алдында макияжсыз шықпаған көрінеді, себебі басқа да блогер қыздар тарапынан бәсеке жоғары. «Мен басқалардың менен әдемі және менен артық екенін білемін, сондықтан аудиторияны жинау үшін көп жұмыс істеуім керек», – деп атап өтті қытайлық бойжеткен. Бойжеткен онлайн аудиторияның алдында 18 жасынан бастап шығуда. Ол агенттікпен ынтымақтасып жұмыс жасайды, сондықтан серіктестерінің көптеген талабын орындауға мәжбүр. Сондай-ақ, оның табысының бір бөлігін агенттік алып отырады.