Республикамыздың ең үздік 100 сынып жетекшісі анықталды


16.02.2018, 16:10

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Qaztest.kz интернет олимпиада сайтында ұйымдастырылған І Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасы өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысында ұстаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. 

Бір айға созылған олимпиадада еліміздің барлық өңірлерінен сынып жетекшілері қатынасты. Үздіктер рейтингі күн сайын жарияланып отырып, жоғары нәтиже көрсеткен ең үздік 100 ұстаз анықталды. Жүзден жүйрік болған сынып жетекшілеріне арнайы құрмет грамотасы тағайындайды.

Сонымен қатар, ережеге сәйкес қатысушылар дипломдармен марапатталады.

І орын – 25-22 ұпай

ІІ орын – 21-19 ұпай

ІІІ орын – 18-15 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада аяқталғаннан кейінгі бір апта ішінде электронды түрде почталарына жіберіледі.