Өзіңізді озаттар қатарынан көргіңіз келе ме?! Қосылыңыз!


20.02.2018, 13:04

Ozattar.kz Қазақстан білімділерінің энциклопедиясы жобасына қош келдіңіз! 

Неге біздің қоғам өнер адамдары мен спортшыларды ғана құрметтейді?! Неге мұғалімдердің мәртбесі қоғамда төмен?! Неге біздің қоғам білімді азаматтарды үлгі тұтпайды?! Осы сұрақтарға бір сәт ойланып көрдіңіз бе?!

Оның бір ғана жауабы бар. Біз өзімізді бағаламаймыз. Біз қоғамға ең керекті топ өкілдеріміз. Біз жетісітігімізбен мақтана алуымыз керек. Сонда ғана бізді өзгелер үлгі тұтатын болады. 

Ozattar.kz сайты осы идеяның негізінде жасалып шықты. Жаңа жобаға қолдау көрсетіп, өз-өзіңізді ғаламтор бетінде насихаттаңыз. Іске сәт!

1. Тіркелу батырмасын басып, сайтқа тіркеліңіз!


2. Сайтқа кіру үшін, мәліметтерді енгізіңіз

3. Сайтқа тіркелген соң Баптаулар батырмасын басып, өзіңіздің портфолиоңызды жасаңыз!

4. Баптаулар бөліміне кіріп, өзіңіз туралы мәліметтерді енгізіңіз. Ескеретін бір жайт, бұл республика халқына арналған бірегей платформа. Онда жарияланған материалдаррды барлығы көреді. Сондықтан, көпшіліктің алдында өзіңізді таныстыратындай етіп жасаңыз.

5. Жетістіктер бөліміне төмендегідей үлгіде алған марапаттарыңызды тиянақты етіп енгізіңіз!

6. Марапат қағаздарыңызды енгізіңіз! Ескерту! Дипломдар саны 10-нан асауы керек. Талапқа сай болмаған жағдайда модератор өшіретін болады. 

7. Портфолио бөліміне өзіңіздің шығармашылық жұмыстарыңызды, құжаттарыңызды енгізіп, сақтау батырмасын басыңыз.

8. Сіз осылай өзіңізді сайтқа енгізе аласыз және  Менің парақшам батырмасын басып қайта көре аласыз.


 

Сізді озаттар қатарына қосылуыңызбен құттықтаймыз! Әріптестеріңіз бен достарыңызды да осы қатардан көргіңіз келсе, айта жүріңіз!