«Формативті бағалау» жобасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


13.02.2019, 9:12

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес,

Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды.                                   

       Александер МАН

 

Кіріспе

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы.

Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:

- Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық оқушылардың оқуына көмектесу мақсатына бағындыру болып табылады.

- Бағалау мұғалімдер және оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау үшін кері байланыс ретінде пайдаланатын ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады.

Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс алдамшы қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:

o   Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

o   Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.

o   Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

o   Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

o   Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. 

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

         Ұстаз болу үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық.  Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.   Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.

Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Мақсаты: Білім алушылардың    оқу сапасын арттыруда формативті (қалыптастырушы) бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу, мұғалімдердің  оқу мен оқытуда формативті бағалау әдістерін,  кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруына  ықпал ету.

Міндеттер:

  1. Бағалаудың түрлерін (теориялық, жиынтық, қалыптастырушы) анықтау.
  2. Формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау.
  3. Оқытудың қиындықтарын анықтау
  4. Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.

Өзектілігі: оқушыларының білімге деген ынтасын арттырудағы формативті бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізу. Оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы  арасында кері байланысты орнату.

Болжам: Егер зерттеу жұмысы оңды нәтижелер мен нақты мәліметтер беретін болса, мәселені  шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып, түрлі ұсыныстар мен қорытындылар жасауға болады.  Себебі сабақ барысында кездестірілетін барлық қиындықтарды шешу жолында зерттеу қорытындысына сүйенетін болса, сабақ соңында жоғары көрсеткішке жетуге болады.

Зерттеу әдісі:

  1. Теориялық материалды қарастыру (ақпарат жинау)
  2. Практикалық -зерттеу жұмысының негізгі кезеңі болып табылады. Зерттеу әдістерін пайдалана отырып, жобаланған болжамға сай нақты қорытындыға келуге жұмыстар жасау
  3. Сауалнама жүргізу
  4. Қорытындылау - жасалған зерттеу жұмыстарынан алынған нәтиже бойынша нақты қорытындыға келе отырып ұсыныстар жасау.

Күтілетін нәтиже

-  Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады

-  Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.

- Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.

- Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

- Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді  түсіну үшін  бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.

- Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

-  Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын  бағалай алады.

- Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.

Ғылыми  жұмыстың  практикалық   қолдану  салалары:

Тақырып  негізінде  жинақталған  материалдар   келешек  күнделікті   мұғалімдер сабақтарында  пайдалануға  болады.

Теориялық бөлім.

  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарының бірінде  сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру делінген. Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр.

Белсенді әдістерді пайдаланып өткізілген сабақтар туралы мұғалімдердің берген пікірлерінен ақпаратқа сыни тұрғыда қарау оларға өздерінің тәжірибесіне мүлдем жаңаша қарауға мүмкіндік беретінін мейілінше ашық, өздеріне және өз күштеріне сенімді бола түскенін байқауға болады.

Формативтік (қалыптастырушы) бағалау – оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау. 

 Формативті бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы;  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;  «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған  эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау  дағдылары.

Формативті бағалаудың маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті. 

Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

     Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады:

1.Холистік бағалау сызбасы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке- жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа  мерзімде және жалпы түрде бағалау.

2.Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді
Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін - өзі бағалау – өзіне -өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?

4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.

Формативті бағалау үшін не қажет?  Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуіне қажет

Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 

 Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.

 Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 
Сондай ақ түрлендіру, дамыту, толықтыру керек. Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.
 Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
 Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері

М

П

И

-кемшіліктер

+ жақсы

S қызықты жауап

Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.

 Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.

 • Дембо және Рубинштейннің «ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау;

• Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесіндегі» бағалау (Қараев пен Кобдикованың оқыту технологиясы бойынша бағалау;

• Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау;

• Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау;

• Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау.

• Пікірнама жазу арқылы бағалау;

• Липкинаның «Үш баға» әдістемесіне сәйкестендірілген бағалау;

• Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау;

• Портфолио көмегі арқылы бағалау;

• М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.

«Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау

 Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→  бағалау деп жіктеледі.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген.

Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.   Оқушылар сұрақтарын қалдырады

Мысалы

• Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді? 
• Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау. 
• Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету. 
Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру. 
«Басбармақ»
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

«Бағдаршам»  

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ:

Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды,

Білімге деген ынтасын арттырады,

Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді,
Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады.

Қорытынды

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Педагогика. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Алматы-2004, 3-басылымы

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2013ж