Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет


27.09.2019, 22:53

Қазақ халқы ұстазын сыйлап, құрметтеген ел. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп адамға қарап, ұстазын таныған. Ozattar.kz сайтының редакциясы «Мұғалімдер күні» қарсаңында мәртебелі мамандық иелері туралы қанатты сөздерді назарларыңызға ұсынады.

  1. Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан

Абай Құнанбайұлы

2. Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет.

Бауыржан Момышұлы

3. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

4. «Ұстаз» деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

Серке Қожамқұлов

5. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Жан-Жак Руссо

6. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

К.Д. Ушинский

7. Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

К.Д. Ушинский

8. Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой

9. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

10. Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильям Уорд, ағылшын ағартушысы