Қазақстандағы тұңғыш мектептер


28.11.2019, 17:45

 

                                                   Қазақстандағы тұңғыш мектептер

Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады.

Көрнекті, ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог, ғалым-этнограф, ақын, прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, орыс жазу таңбалары негізінде қазақ әліпбиінің құрастырушысы — Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылық қызметі қазақ халқының тарихындағы жарқын беттердің бірі болып табылады.

Қазақстандағы тұңғыш мектептер

1860 жылы облыстық басқарма Алтынсариннің көптеген өтініштерін қанағаттандырып, Орынбор басқармасында қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді. Шалғай қалада мектеп ашу қиын болды (қаражат, мектеп ғимараты және оқу құралдары болған жоқ). Облыстық басқарма және жергілікті болыстар осы маңызды іске суық қарады. Патша өкіметінің өзі-де халықты, ағартуға мақсат қойған жоқ, оған тек тілді білетін іс жүргізушіліер ғана керек болды. Алайда қиыншылықтар Алтынсаринды тоқтатқа алған жоқ.

Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай мектебінде мұғалім қызметіне орналасқан тұңғыш қазақ болды. Осы оқиғамен, өзінің ағартушылық идеяларымен рухы көтерілген Ыбырай Алтынсарин ауылдарға барып, білімнің маңыздылығын түсінідіріп отырды. Жергілікті тұрғындардан қаражатты жинап, өзінің кейбір сақталған, ақшаларын салып, Алтынсарин мектеп ғимаратыныі құрылысына кірісті.

Құрылысқа дайындалған кезінде қамалдың комендантында аудармашы болып жұмыс істеп жүріп, Алтынасарин ауылдан балаларды әкеліп, оларлды үйде орыс тіліне оқытты.

1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «алғашқы қарлығаш» деп атады. Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңін жазды, сол өлең досы Н. И. Ильминскийге арналған мұрағат хатында жазылған және сақталған.

Қазақстандағы тұңғыш мектептер

1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп

1879 жылы Қостанай қаласының облыстық орталықтың құрылуымен мектеп ретінде тас ғимаратын құру туралы сұрақ шешілді. Мектеп құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс-қазақ мектебі жаңа тас ғимаратына көшірілді және «Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп атала басталды. Жабылу шегінде тұрған мектептің көшірілуі — Ыбырай Алтынсаринның тікелей еңбегі.

Қазақстандағы тұңғыш мектептер

1884 жылы Ыбырай Алтынсарин құрған Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі

Қазақстандағы тұңғыш мектептер

«Ыбырай Алтынсарин мектептің ашылуындағы» диорамасы

Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде оқушылардың тәрбие мәселесіне ғана емес, еңбек білімінің мәселелеріне-де үлкен назар аударып отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды.

Қазақстандағы тұңғыш мектептер

Торғайдағы қолөнер училищесі

Бастапқыда ол облыстағы барлық уездің қалаларында бір орталық училищеден ашуға шешім қабылдады, Торғай облысының ауылдары бойынша жүріп, халықтан қаражат жинады, содан кейін Илецк, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде бір екі сыныптық орыс-қазақ учидищеден ашты. Оларды оқушылар мен мұғалімдерге толтырды.

Қазақстандағы тұңғыш мектептер

«Торғай қолөнер училищесінің оқушылары» диорамасы

Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық орналасуын, халықтың жиілігін алдын ала зерттеп отырды, содан кейін ғана мектептерді ашуға кірісті.

Қазақстандағы әйелдер білім алуының басы Алтынсарин есімімен байланысты. Осы маңызды бастауда да ол патша өкіметі жағынан кедергілерге тап болды. ал Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар арнайы мектеп ашылғанда, оның қуанышында шек болған жоқ.

Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге, Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі — бұл 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы, онда қазақ мектептері үшін мұғалімдерді даярлады.

1887 жылы 10 желтоқсанда көрнекті ұстаз Қостанай уезінде Обаған бір сыныпты болыс мектебінде жеке алғашқы сабақтарын берді.

Қазақстандағы тұңғыш мектептер

Обағандағы болыстық мектеп

Кейін мектеп орыс-қазақ училищесіне өзгертілді және 1940 жылы 7 шілдеде 2 курс құрамымен Меңдіқара қазақ педагогикалық училищесі ашылды. 1949 жылы училище қазақ халқының ұлы баласы — өзінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталды. 25 жыл өткен соң училищені Рудный қаласына көшірді, ал 1992 жылы Ы. Алтынсарин ат. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжіне ауыстырды.

Қазақстандағы тұңғыш мектептер

Алтынсарин өз отбасымен бірге, 1889 жыл

Алтынсарин жастардың, бүкіл еңбекші қазақ халқының сүйікті адамы болған. «біз, көшпенділер үшін Ы. Алтынсариннің өзі, шығармалары өте қымбат, Ресейдегі тұңғыш шын әдебиетінің маңызын білетіндер мұны түсіне алады. Бүкіл халықтың рухы, ойы, пейілі, мінезі және бүкіл өмірінің бейнесі болатын Алтынсариннан қаһарманды көруге дайынбыз». Ыбырай Алтынсариннің тағдыры — одан кейін өмір сүргендер және сүріп жатқандар үшін өнегелі мысал болады.

                                                                                                                                Алена ДЕМЧЕНКО