Мәскеуде қазақ ақыны мен диханшысның ескерткіші қалпына келтірілді


31.10.2018, 22:52

 

Мәскеуде қазақ ақыны Жамбыл Жабаев пен тарышы Шығанақ Берсиевтің ескерткіштері қалпына келтірілді.

Монументтер өзінің бұрынғы орны – Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі Қазақстан павильонына қойылды.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімет бергендей, ескерткіштерді қалпына келтіру жұмысы жарты жылға созылған.

Ескерткіштердің биіктігі – үш жарым метр. Мамандар бастапқыда мүсіндердің эскизін жасап, кейін металдан шынайы көлемдегі каркасты құрастырды. Саздан мүсін жасап, монументтерді бетоннан құйған.

Мәскеу қаласының мәдени мұрасы департаментінің басшысы Алексей Емельянов еске сала өткендей,  ақын Жамбыл Жабаев пен тарышы Шығанақ Берсиевтің  мүсіндері өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Қазақ ССР павильонының кіреберісінде орналастырылған. Ескерткіштерді дағыстандық шебер Хасбулат Аскар-Сарыджа жасаған.