Нұрсұлтан Назарбаев: "Ұлы даланың жеті қыры"


21.11.2018, 18:46

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.

Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.

Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.

Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.

Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Тіпті, қазақтың кейбір ру тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ.

Сонымен бірге, ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих.

Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ, қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек.

Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.

Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

1. Атқа міну мәдениеті

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.

Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.

Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.

Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.

Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.

Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.

Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.

Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ.

Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі.

Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.

Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.

Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.

Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.

Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

3. Аң стилі

Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.

Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері». Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.

Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.

Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.

Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.

4. Алтын адам

Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».

Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.

Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.

5. Түркі әлемінің бесігі

Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.

Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды.

Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

6. Ұлы Жібек жолы

Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.

Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.

Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.

Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

***

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.

Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп ойлаймын.

1. Архив – 2025

Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр.

Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын.

Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек.

Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет.

Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан, мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады.

2. Ұлы даланың ұлы есімдері

Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.

Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.

Ұлы дала Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді.

Сондықтан, біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек.

Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет.

Сондай-ақ, бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн.

Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет.

Бұл бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын халықаралық көпбейінді ұжым құруға болады. Нәтижесінде, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ, шет елдегілер де білетін болады.

3Түркі әлемінің генезисі

Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.

Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды.

Сонымен қатар, жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет.

Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады.

4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі

«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар. Оған озық өнер мен технология үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйымдарды, «Алтын адамның» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін көрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді.

Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде Астанада және Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады.

Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ.

Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет.

5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады.

Сонымен қатар, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет.

Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды.

Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз.

Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек.

Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады.

Сонымен қатар, фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.

6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.

Сондықтан, тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек.

Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Қызықты әрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер үшін танымал фэнтези және шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажет.

Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға болады.

Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек.

Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шықты.

Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

 

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уа­қыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уа­қыт пен кеңіс­тіктің көкжиегі тоғысқан кез­де ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ға­на әдемі афо­ризм емес. Шын мәнінде, немістердің, ита­лия­лық­тардың немесе үнді ха­лық­та­рының жыл­намасына көз жү­гіртсек, олар­дың мың­даған жылды қамтитын төл тари­хын­дағы ұлы жетістіктерінің де­ні осы ел­дер қазір ме­кен етіп жат­қан аумақтарға қа­тыс­тылығы жөнінде сұ­рақ туын­дай­тыны орын­ды. Әрине, ежел­гі Рим деген қа­зіргі Ита­лия емес, бірақ италиялықтар өз­де­рінің та­рихи тамырымен мақтана ала­ды. Бұл – орын­ды мақтаныш. Сол сияқ­ты, ежелгі гот­тар мен бүгінгі неміс­тер де бір ха­лық емес, бірақ олар да Гер­манияның мол тарихи мұрасының бір бөл­шегі. По­лиэ­тни­калық бай мәдениеті бар ежел­гі Үн­дістан мен бүгінгі үнді хал­қын тарих тол­қынында үздіксіз дамып ке­ле жатқан бі­регей өркениет ретінде қа­­растыруға бо­лады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлт­­­тық тарихымызға терең үңіліп, оның күр­­­меулі түйінін шешуге мүмкіндік туа­­ды. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақ­та­рымен емес, тұтастай қалпында қа­зіргі за­манауи ғылым тұрғысынан қа­рағанда тү­сінікті болуға тиіс. Оған қа­жетті дәйек­те­ріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бір­лес­тік­тердің дені қазіргі Қазақстан аума­ғын­да құрылып, қазақ ұлты этногенезінің не­гізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мә­дени жетістіктер шоғыры даламызға сырт­тан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, со­дан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің баба­ла­ры­мыз­дың өз заманындағы ең озық, ең үздік тех­нологиялық жаңалықтарға тікелей қа­тысы бар екенін айғақтайды. Бұл жә­дігерлер Ұлы даланың жаһандық та­рих­тағы орнына тың көзқараспен қарауға мүм­кіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір ру тайпа­лары­ның атаулары «қазақ» этнонимінен талай ға­сыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біз­дің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұ­ған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еу­ро­пацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топ­тар біздің ұлтымыздың тарихи этно­ге­не­зінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұл­тартпас фактілерді көруге мүмкіндік бер­ген жоқ. Сонымен бірге, ұзақ уақыттан бері біз­дің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көп­теген этностарға ортақ Қазақстан та­ри­хы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этнос­тар­дың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлес­терін қосқан бүкіл халқымызға ортақ та­рих. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ, қандай да бір тарихи оқи­ғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұр­ғыдан ғана сипаттаумен шектелуге бол­майды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажы­рамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бір­лескенде жеке адамдардың да, тұтас ха­лықтардың да өміріне қайталанбас реңк бе­реді. Біздің тарихымызда қасіретті сәт­­тер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл со­­ғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұр­­ғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қу­ғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмы­туға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ау­қым­ды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмен­де­тіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсе­тейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене оты­рып, жаһандық тарихтағы өз рөліміз­ді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіс­піз. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқ­талайық. І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ Біздің жеріміз материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт­қандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажы­рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та­был­ған. Ұлы даланы мекен еткен ежел­гі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой­лап тауып, бұрын-соңды қолданыл­ма­ған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адам­зат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жыл­намалар бүгінгі қазақтардың арғы ба­балары ұланғайыр Еуразия құрлығын­да­ғы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. 1. Атқа міну мәдениеті Атқа міну мәдениеті мен жылқы ша­руа­шылығы жер жүзіне Ұлы даладан та­ра­ғаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энео­лит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүр­гізілген қазба жұмыстары жылқының тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біз­дің бабаларымыз өз дәуірінде адам айт­қысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ау­қым­да алсақ, шаруашылық пен әскери са­ладағы теңдессіз революцияға жол аш­ты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мә­дениетінің де негізін қалады. Бес қа­руын асынған салт атты сарбаз айбарлы көш­пенділер империялары тарих сах­насына шыққан дәуірдің символына ай­налды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бей­несі – батырлар заманының ең таны­мал эмблемасы, сонымен қатар, атты әс­кердің пайда болуына байланысты қа­лыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени ко­дының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуа­ты әлі күнге дейін аттың күшімен өл­ше­неді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт ат­ты­лар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құр­меттің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қа­зақ жерінен тараған осынау ұлы тех­нологиялық революцияның жемісін адам­зат баласы ХІХ ғасырға дейін пай­даланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық ком­поненттері Дала өркениетінің ерте ке­зеңі­нен тамыр тартады. Атқа міну мә­де­ниеті салт атты жауынгердің ықшам киім үл­гісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүр­ген­де ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз ал­ғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шал­бар­дың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құла­ғын­да ойнауына, ұрыс кезінде еркін қи­мылдауына мүмкіндік берді. Дала тұр­ғын­дары теріден, киізден, кендір мен жүн­нен, кенептен шалбар тікті. Содан бе­рі мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары ке­зінде табылған көне шалбарлардың қа­зіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің бар­лық түрі көшпенділер атқа мінгенде ки­ген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұ­рагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер та­қы­мына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мі­ніп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзең­гіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт ат­ты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мы­ғым отыруына, сонымен бірге шауып ба­ра жатып, қолындағы қаруын еш қиын­дықсыз және неғұрлым тиімді қол­дануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен са­дақ тартуды барынша жетілдірді. Соған бай­ланысты қарудың құрылымы да өзге­ріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түс­ті. Масағына қауырсын тағылып, ме­тал­мен ұшталған жебе берен сауытты те­сіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түр­кі тайпалары ойлап тапқан тағы бір тех­нологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерек­ше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғау­ға арналған сауытты да алғаш рет біздің ба­баларымыз жасаған. Еуразия көш­пен­ді­лерінің айрықша маңызды әскери жаңа­лығына баланған мұздай темір құр­санған атты әскер осылайша пайда бол­ды. Отты қару пайда болып, жаппай қол­­­­данысқа енгенге дейін атты әскердің да­муы біздің дәуірімізге дейінгі І мың­жылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры ара­сында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауын­гер­лік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жа­сақтың ерекше түрі – айбарлы атты әс­кердің қалыптасуына ықпал етті. 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия Металл өндірудің амал-тәсілдерін та­бу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адам­зат дамуының барысын түбегейлі өз­гертті. Сан алуан металл кендеріне бай қа­зақ жері – металлургия пайда болған ал­ғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі за­манда-ақ Қазақстанның Орталық, Сол­түстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда бо­лып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым бе­рік металдар өндіру ісін дамытып, олар­дың жедел технологиялық ілге­рі­леуі­не жол ашты. Қазба жұмыстары ба­ры­сында табылған металл қорытатын пеш­тер мен қолдан жасалған әшекей бұйым­дары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық зат­тары мен қару-жарақтары бұл туралы те­реңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежел­гі замандарда біздің жеріміздегі дала өр­кениеті технологиялық тұрғыдан қан­шалықты қарқынды дамығанын көр­се­теді. 3. Аң стилі Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ор­та­мен етене өмір сүріп, өздерін таби­ғат­тың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл бас­ты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы ме­кен­деген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақ­стан­ның ежелгі тұрғындарының озық мә­де­ние­ті болды. Олардың мұрасының жарқын көрі­ні­сі, көркем болмысы мен рухани бай­лы­ғы­ның айшықты белгісі – «аң стилі өне­рі». Жануарлар бейнесін тұрмыста пай­далану адам мен табиғаттың өзара бай­­ланысының символына баланып, көш­пенділердің рухани бағдарын айқын­дап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мы­сық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қол­данған. Егемен Қазақстанның сим­вол­дарының бірі – жергілікті жануарлар әле­мінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың ай­рықша жоғары өндірістік тәжірибесі бол­ғанын көрсетеді. Олар оюлап кес­кін­деуді, металмен жұмыс істеудің тех­никасын, соның ішінде, мыс пен қоладан бал­қымалар жасаудың және құймалар құю­дың, жайма алтын дайындаудың күр­делі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнер­дегі биік белестердің бірі саналады. 4. Алтын адам Біздің түп-тамырымызға жаңаша көз­қа­распен қарауға жол ашып, әлемдік ғы­­лым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қор­ға­ны­нан табылған, өнертанушы ғалымдар ара­сында «қазақстандық Тутанхамон» де­ген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құ­пия­ның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен там­сандыратын аса жоғары деңгейдегі көр­кем дүниелер жасаған. Жауынгердің ал­тынмен апталған киімдері ежелгі ше­берлердің алтын өңдеу техникасын жақ­сы меңгергенін аңғартады. Сонымен бір­ге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлық­тап, оның мәртебесін күн секілді құ­ді­рет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қо­рымдағы сән-салтанатты жасау-жаб­дық­тар ежелгі бабаларымыздың зият­кер­лік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауын­гердің жанынан табылған күміс ке­селердің бірінде ойып жазылған таң­балар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі. 5. Түркі әлемінің бесігі Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ға­сырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі са­нал­ды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мем­ле­кет­тері мен ұлы көшпенділер империялары са­бақтастығының айрықша моделін қа­лыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уа­қыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ға­сырдағы Қазақстанның экономикалық, сая­си және мәдени өмірінде өзінің өш­пес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түр­кілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жә­не әлемдік сауданың орталығына ай­нал­ған ортағасырлық қалалардың гүл­денуі­не жол ашты. Мәселен, орта ғасыр­дағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі ха­лық­тарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қала­сын­да өмір сүріп, ілім таратқан. 6. Ұлы Жібек жолы Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтым­ды, яғни Еуразия құрлығының кін­дігінде орналасуы ежелден әртүрлі мем­лекеттер мен өркениеттер арасында тран­зиттік «дәліздердің» пайда болуына сеп­тігін тигізді. Біздің дәуірімізден бас­тап бұл құрлық жолдары Үлкен Еура­зия­ның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мә­дениет саласындағы байланыстардың транс­континентальды желісіне – Ұлы Жі­бек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһан­дық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынт­ымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдас­ты­рып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дә­некері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үн­ді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шы­ғыс және славян өркениеттерін байла­ныс­тырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Тү­рік империяларының аумағын қамтыды. Ор­талық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену ше­гіне жетіп, халықаралық ауқымда эко­номиканы өркендетуге және мәдениетті да­мытуға септігін тигізді. 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қыз­ғалдақтың «тарихи отаны» екені ғы­лы­ми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бі­рақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңы­зы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жа­рып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қа­зір де әлемдегі алма атаулының арғы ата­сы – Сиверс алмасының отаны са­на­ла­ды. Дәл осы тұқым ең көп таралған же­місті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін ал­ма – біздегі алманың генетикалық бір тү­рі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Ала­тауы баурайынан Ұлы Жібек жолының кө­не бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының сим­волы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп атал­­­ды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тау­ла­рының етегінен әлі күнге дейін жер­гілікті өсімдіктер әлемінің жауһары са­на­латын Регель қызғалдақтарын бас­тап­қы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсім­діктер біздің жерімізде Тянь-Шань тау­ларының етегі мен шөлейт даланың түйі­сер тұсында пайда болған. Қазақ то­пырағындағы осынау қарапайым, сон­дай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көп­теген халықтың жүрегін жаулап, бір­­­тіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мың­нан астам түрі бар, олардың басым көп­шілігі – біздің дала қызғалдағының «ұр­пағы». Қазір Қазақстанда қызғал­дақ­тың 35 түрі өседі. ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ Көтерілген мәселелер жан-жақты ой еле­гінен өткізіп, терең зерделеуді талап ете­ді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымы­мыз­­дың, халқымыздың өткені мен бү­гі­ні­нің және болашағының іргелі негіз­де­ріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар ар­қылы бастауға болады деп ойлаймын. 1. Архив – 2025 Тәуелсіздік жылдарында халқымыз­дың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұ­мыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жыл­намасындағы ақтаңдақтарды қайта қал­пына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы табысты іске асы­рыл­ды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көп­теген деректі құжаттар, әлі де болса, ғы­лыми айналымға түскен жоқ. Олар әлем­нің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі за­манға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отан­дық және шетелдік мұрағаттар дү­ние­сіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағ­дар­­ламасын жасауымыз қажет деп санай­мын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында та­рих­шылардан, деректанушылар мен мә­дениеттанушылардан құрылған ар­найы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақмер­зімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерт­теу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек. Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұ­мыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қа­на қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифр­лық фор­матқа көшіру қажет. Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұя­латып, отаншылдық тәрбие беру мек­теп қабырғасынан басталуға тиіс. Сон­дықтан, мектептер мен барлық өңір­лер­де­гі өлкетану музейлерінің жанынан та­ри­хи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру бар­ша қазақстандықтардың бойында өз бас­тауларына деген ортақтық сезімін қа­лыптастырады. 2. Ұлы даланың ұлы есімдері Көпшіліктің санасында тарихи үде­ріс­тер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы ба­ба­ларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Ту­тан­ха­мон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Ва­шингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұл­ғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» ба­ға жетпес символдық капиталы санала­ды әрі сол елдердің халықаралық аренада тиім­ді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ние­ге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олардың же­тіс­тіктерінің құрметіне ашық аспан ас­тын­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашуы­мыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тап­­­сырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әде­биет­тегі, музыка мен театр саласындағы жә­не бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақын­дар және ел билеген тұлғалар бейне­сі­нің маңызды галереясын жасауды қол­ға алу қажет. Сондай-ақ, бұл жерде классикалық қа­л­ыптан тыс, балама жастар өнерінің креа­тивті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қа­на емес, сонымен бірге, шетелдік ше­бер­лер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн. Үшіншіден, еліміздің тарихи кезең­де­рін кеңінен қамти отырып, «Ұлы да­­ла тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік се­­рия­­ларды шығарып, тарату жұмыс­та­рын жүйелендіру және жандандыру қа­жет. Бұл бағытта қазақстандық ғалым­дар­мен қатар шетелдік мамандар да тар­ты­ла­тын халықаралық көпбейінді ұжым құ­руға болады. Нәтижесінде, біздің қаһар­мандарымыздың өмірі мен қызметі жө­нінде тек еліміздегілер ғана емес, сон­дай-ақ, шет елдегілер де білетін болады. 3. Түркі әлемінің генезисі Қазақстан – күллі түркі халық­та­ры­ның қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қа­зақтың сайын даласынан әлемнің әр түк­піріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің та­рихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, «Түркі өр­ке­ние­ті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба ая­сында 2019 жылы Астанада Түр­ко­лог­тардың дүниежүзілік конгресін және әр­түрлі елдер музейлерінің экс­по­зиция­ла­рына ежелгі түркі жәдігерлері қойы­ла­тын Түркі халықтарының мәдени күн­де­рін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Ви­кипедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ор­тақ туындылардың бірыңғай онлайн кі­тап­ханасын ашу да маңызды. Сонымен қатар, жаңа облыс орта­лы­ғы ретінде Түркістанды дамыту бары­сын­да оның халықаралық аренадағы бе­де­лін жүйелі түрде арттыру қажет. Қазақстанның ежелгі астанасы хал­қы­мыздың рухани орталығы ғана емес, сон­дай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады. 4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және тех­нологиялар музейін ашуға толық мүм­кіндігіміз бар. Оған озық өнер мен тех­но­логия үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйым­дарды, «Алтын адамның» жарақ­та­рын, жылқыны қолға үйрету, метал­лур­гияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сай­ман дайындау үдерісін көрсететін зат­тар­ды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға бо­лады. Онда Қазақстан жерінен та­был­ған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экс­по­зи­циялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әр­түрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді. Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы өр­ке­ниеттері» атты жалпыұлттық тарихи ре­конструкциялар клубын құрып, соның не­гізінде Астанада және Қазақстанның өз­ге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түрік қағандарының дәуірі және бас­қа да тақырыптар бойынша фестивальдар өт­кізуге болады. Бұған қызығушылық біл­дірген адамдарды тарта отырып, осы та­қырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады. Ежелгі Отырар қаласының бірқатар ны­сандарын – үйлері мен көшелерін, қо­ғамдық орындарын, су құбырларын, қа­ла қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына кел­тіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге жә­не туризмді дамытуға баса мән берілуі қа­жет. 5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы Бұл жоба аясында бізге «Дала фольк­лорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мың­жылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әф­са­налары, қиссалары мен эпостары жи­нақ­талады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, дом­быра, сыбызғы, сазсырнай және бас­қа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орын­дауға арналған маңызды туындылар топ­тамасын – «Ұлы даланың көне са­рын­­дары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы даланың фольклоры мен әуен­де­рі заманауи цифрлық форматта «жаңа ты­ныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асы­ру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйе­леуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық жә­не шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңыз­ды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сю­жет­­те­рін­де, кейіпкерлері мен сарын­да­рын­да ше­кара болмайды, сол себепті оны жүйе­лі зерттеп, бүкіл Орталық Еу­­разия кеңіс­ті­гі мен барша әлемде дә­ріп­теуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаң­­ғырту қазіргі заманғы аудиторияға жа­қын әрі түсінікті форматта болуы ке­рек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мә­­тіндерді суреттерімен қоса беруге, ай­қын видеоматериалдар формасында ұсы­ну­ға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұс­қа­лары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар, фольклорлық дәс­түр­дің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қа­зақстанның түрлі өңірлері мен өзге ел­дерге бірнеше іздеу-зерттеу экспе­ди­ция­ларын ұйымдастыру қажет. 6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі Қазіргі замандағы халықтардың та­ри­хи таным-түйсігінде кино өнері ерек­ше орын алады. Жалпы халықтың са­на­сында фильмдердегі жарқын ки­нооб­раз­дар іргелі ғылыми монографиялардағы де­ректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады. Сондықтан, тез арада Қазақстанның өр­кениет тарихының үздіксіз дамуын көр­сететін деректі-қойылымдық фильм­дер­дің, телевизиялық сериалдар мен то­лықметражды көркем картиналардың ар­найы циклін өндіріске енгізу керек. Аталған жобалар кең халықаралық ын­тымақтастық аясында отандық және шет­елдік үздік сценаристерді, режис­сер­лер­ді, актерлерді, продюсерлерді және за­манауи кино өндірісінің басқа да ма­ман­дарын тарту арқылы жүзеге асы­ры­луға тиіс. Қызықты әрі мелодрамалық сарын­дар­мен қатар, көрермендер үшін танымал фэн­тези және шытырман оқиғалы блок­бастерлердің элементтерін қоса отырып, жа­ңа тарихи теле-кино туындылардың жан­рларын барынша кеңейту қажет. Осы мақсатпен Ұлы даланың бай ми­фо­логиялық және фольклорлық ма­те­риал­дарын пайдалануға болады. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қа­лыптастыруға жол ашатын сапалы ба­лалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұр­пақтың да талғамына ерекше назар ау­дару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ой­шыл­­дарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бү­кіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұл­ғалар. ҚОРЫТЫНДЫ Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шық­ты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағ­дар­ламасының жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

Толығырақ: https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html
Материалды көшіріп басқанда www.aikyn.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.