ҰБТ қорытындысын қайдан білуге болады?!


23.06.2018, 14:14

ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАЙТЫН ЖАҢА ДЕРЕККӨЗДЕР ТУРАЛЫ. ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Құрметті талапкерлер, міне, жоғары оқу орнына түсуге ниетті мектеп түлектерінің Бірыңғай ұлттық тестілеуі басталды! Біздің министрлік түлектерді ақпараттандыру үшін барлық техникалық мүмкіндікті қолдану бағытында қолдан келгеннің бәрін жасап отыр. Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесін келесідей дерек көздерінен білуге болады:

- @edu.gov.kz Телеграм бот көмегімен;
http://edu.mail.kz сайтынан (тек ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу керек);
- Ұлттық тестілеу орталығының http://testcenter.kz сайтынан.

ҰБТ нәтижесін тек ТЖК арқылы тестілеу тапсырғандар ғана көре алады. ҰБТ нәтижесі ақпараттың өңделу және жүктелу ретіне қарай осы аталған ресурстарда шығып отырады.

ҰБТ форматындағы тестілеу Қазақстанда биыл 15-рет өткізілуде. Ал 2017 жылдан бастап тестілеу жоғары оқу орнына түсу емтиханы және білім грантын иелену мүмкіндігі болып есептеледі. ҰБТ-2018 20 маусым күні басталып, 1 шілдеге дейін созылады, тестілеу ел көлеміндегі 167 бекетте өтеді. Талапкерлер 120 тест тапсырмасына жауап беруі тиіс, ең төменгі шекті балл – 50, ең жоғары балл – 140. Ұлттық мәртебесі бар жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балдан кем емес ұпай жинау керек.

 

Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігінің фейсбук парақшасы