Өзім жайлы


29.05.2020, 11:25

Мен Екия Ислам Мұратбекұлы үйдің тұңғышымын. Артымнан ерген төрт бауырымның алда тұрған үлгісімін. Аға деген жауапкершілікті бала күннен-ақ сезіп келемін. Ата-анама тіреу болып, бауырларымды қорған болып, Отанымның үлкен қайраткер-азаматы болғым келеді. Туып өскен мекенімді, шырайлы Шымкентімді жақсы көремін. Мектептегі әрбір ұстаздарымды да жақсы көремін. Алға қойған мақсат армандарыма Алланың қолдауымен жетсем деймін, білімге деген ықыласым үлкен жетістіктерге жеткізетініне сенемін. Үлкен белестер кішкентай жетістіктерден басталады ғой. Қазақ болып бір-бірімізді қолдай жүрейік!