Ұстаздық-ұлы мәртебе


30.05.2020, 10:08

"Ұстаз болу-жүректің батырлығы" демекші шын жүректі адам ғана ұстаз бола алады. Өйткені ұстаз жүрегі қашанда еліміздің болашағы "балалар" деп соғуы керек. Өз туған баласындай жақсы көретін, елдің балаларының келешегі үшін жанын беретін, сол жолда ізденіп, алдында жаутаңдап отырған қаракөз шәкіртерімізге жол көрсете білетін таптырмас тұлға - ол әрине, ұстаз! 

Күнделікті сабағын әйтеуір жоспарсыз өтіп, ұстаздық жолын жай күнкөріс қамына айналдырып жүрген мұғалімдерді "Педагог" деп айта алмаймын. Осы жолға қалай келді өз таңдауымен бе, әлде біреудің нұсқауымен бе? бұл әрине, қызықсыз, келгеннен соң жауапкершілікпен қарап, сезініп, бар дүниесін іске салып кірісу қажет. Өйткені мұғалім жіберген қателік - жылдар бойғы ұрпаққа беріледі. Бұлай кірісе алмай ма, онда 360 градусқа бұрылып өз жолын таңдау керек.

"Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында. Ал жастардың болашағы мұғалімнің қолында!"

Әрбір жасаған әрекетіміздің жеңісін, жемісін көре берейік! Іске сәт, әріптестер!