Тәуелсіздік-ел тұғыры

27.01.2021, 11:28

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 5-қаңтар күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты тарихи мақаласының мәні өте терең. Еліміздің Тәуелсіздігіне отыз жыл толуы қарсаңында Президентіміздің руханият мәселесіне ерекше мән беруінің өзіндік маңызы бар екенін айта кету керек. Мемлекет басшысы бұл еңбегінде «Қоғам мен құндылық», "Ұлағат пен ұстаным", «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым» деген тақырыптар қойып халқымен ой бөлісті.

Біз үшін Тәуелсіздіктің отыз жылы ғасырлармен пара-пар десек артық айтпасақ керек. Отыз жылдықтың әр онжылдығында Қазақстан кейбір әлем мемлекеттері жылдар бойы жететін жетістіктерге қол жеткізе алды. 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап ел тізгінін қолында ұстаған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени реформалар жүргізілді. Қазақстан әлем кеңістігінде танымал мемлекетке айналды. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік. Мемлекетіміз саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақталғаннан кейін, рухани жаңғыру арқылы ұмтыла бастаған қажеттіліктерімізді түгендей бастадық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.

Ал енді төртінші онжылдыққа қалай барамыз, алдымызда қандай міндеттер тұр, елдігіміз бен мемлекеттігімізді сақтап, Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін не істеуіміз керек?

Міне, осы сұрақтарға жауапты өз мақаласында Президентіміз Қ. Тоқаев өте баянды жеткізді. «Қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет. Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл - егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек», -деп толғанады.

Шын мәнісінде, заман талабына бейімделген ұлт болу үшін оның қандай талаптарына сай болуымыз керек деген сауал көпшіліктің көкейінде тұрған шығар. Менің ойымша, қазіргі жаһандану кезеңінде бір-бірімен теке тіресте өмір сүріп жатқан алпауыт мемлекеттердің додасында Қазақстан өзінің лайықты орнын алып, болашақ ұрпақ үшін дамыған қуатты мемлекет болуы қажет. Ол үшін ата-бабадан мирас болған құндылықтарды көздің қарашығындай сақтайтын білімді, білікті, отансүйгіш батыл жастарды тәрбиелеуіміз керек. 

Қазіргі кезде ұлттық мүдде мен меслекеттік мүдде біз үшін өте маңызды. Олардың сақталуына тікелей әсер ететін екі фактор бар: бірі тіл, екіншісі тарих. Құстың қос қанатындай бұл қажеттіліктер ұлттық рухты көтермелеуші, намысты оятушы күш болып табылады. Сондықтан, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарасақ, болашағымыз да жарқын болатынына күмән жоқ.

Мемлекет басшысы осы мәселені терең түсініп, Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды жуық арада бастауға және шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынып отыр.

Түптеп келгенде, ұлттық тарихи сананы жаңғыртудың негізі осы болуы керек. «Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадыны жаңғыртуға мүмкіндік береді» – деп түйіндейді Қ.К. Тоқаев.

Мақаладан көрінетін тағы бір шындық - елдің амандығы мен бірлігінің арқасында барлық қиындықтарды жеңеміз. Ен бастысы бүкіл ел, коғам болып көздің қарашығындай сақтайтын қастерлі дүниеміз - Тәуелсіздік екенін сезінуіміз керек. Барлық жетістіктерге сабыр мен ойлы да, парасатты істерімізбен кол жеткізетін боламыз. Әрине ол жолда қол қусырып отырмай әрқайсымыз өз ісімізде сапа мен нәтижелі істер көрсетуіміз керек. Соның ішінде білім саласында жүргендер үшін ел Президенті айтқандай: «Біздің мақсатымыз келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу"- болып табылады.

Қорыта айтқанда, біз үшін Тәуелсіздіктен қымбат ешнәрсе жоқ. Тәуелсіздік жылдарындағы әр күніміз, әр жылымыз ел тарихы үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Оның ішінде халықаралық денгейдегі, ұлттық денгейдегі, аумақтық сипаттағы дүниелер тарих еншісіне еніп, барлығы тәуелсіздік жемісі екенін көрсетті. Келешекте егемен еліміз тарих беттеріне алтын әріптермен енетініне сеніміміз мол.

Елдігіміз берік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы

 кафедрасының доценті , т.ғ.к., Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы

1 курс магистранты: Әбдіназар Айзада