Алтын адам туралы мәлімет


02.01.2024, 14:49 Алтын адам туралы мәлімет Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп, 5А сынып оқушысы Койлыбаев Дармен Жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Ерлан Русланұлы Баймағамбетов Алтын адам – Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба. Есік қаласында табылған сақ жауынгері, біздің еліміздің басты символына айналды. Бұл адамның жасы – 16-18, ал бойы – 165 см болған. Табылған қорған – ерте темір дәуіріне (б.з.б. VII–III ғасыр) жатады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерлерде сақ тайпалары өмір сүрген. Зиратта 4000-нан астам алтын заттар, қылыш, қыштан жасалған 31 ыдыс, күміс табақтар, ағаш қасық, қола айна болды. Ғалымдар Алтын адамның қалай қайтыс болғандығын анықтады. Оның арқасына пышақ немесе қылыш соққысы жасалған. Оның бас киімінде төрт жебе бар, бұл әлемнің төрт жағын және ол адам, билеуші әулетке жататындығын білдіреді. Күміс ыдыстағы жазбалар, қай тілде жазылғаны әлі күнге дейін белгісіз. Зиратта табылған адамның қалдықтары әйелдікі болуы мүмкін. Биіктігі 70 сантиметр бас киім, сәукелеге өте ұқсайды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис). Жауынгердің саусақтарында екі сақина киілген. Сақинадағы суретте, ежелгі Күн құдайы – Митра бейнеленген деген ақпарат бар. Алтынның жалпы салмағы қанша екені белгісіз. Қазба жұмыстары аяқталған соң, қорғанның орнына автобаза салынды. Қазіргі уақытта ол – Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайында орналасқан. Сондай-ақ, Нью-Йорк қаласының мұражайында, осы археологиялық табыстың көшірмесі бар. Алтын адам киіміндегі дүниетанымдық рухта асқан шеберлікпен орындалған тоғалар мен жапсырмалар мемлекеттік рәміздерімізде және жергілікті басқару әкімшілік нышандарында қолданылады. Мысалы, Алматы қаласында орналасқан Республика алаңдағы ҚР Тәуелсіздігінің Монументінде қанатты барыс үстіндегі Алтын адам мүсіні (1996 ж.), ҚР Елтаңбасындағы Алтын адамның тәжіндегі қос пырақ ат (1992 ж.), Президентіміздің штандартындағы барыс бейнесі (1995-2012 жж.), Алматы қаласының гербінің орталық бөлігінде де осы фигураны көреміз (1993 ж.) [3. 103 б.]. Алғаш Тәуелсіз ел атанғанымызда Алтын адам бейнеленген пошта маркасы 1992 ж. шығарылды, Ұлттық банк арнайы «Көшпенділер алтыны» шақа (монета) сериясын айналымға шығарды. Осылардың бәрінде де Алтын адамның киіміндегі аңдық стилде орындалған бейнелер орын алған. Ендеше Алтын адам еліміз үшін жәй ғана археологиялық олжа болып қана қоймай, Тәуелсіздігіміздің, Елдігіміздің де бір бейнесіне айналып кетті десек артық айтқан болмаспыз. Алтын адамның табылуы түп-тамырымыздың қайдан бастау алғанын және ата-бабаларымыздың рухани һәм материалдық мәдениетінің озық үлгісін айқындап, қазақ жеріндегі мемлекеттілік пен өркениеттің ертеден қалыптасқанын дәлелдеді. Бұл біздің тарихымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенациялық жаңалып болып табылды