«Қаныш Сәтбаев: ғалым, тұлға, патриот»


30.11.2024, 11:56 «Қаныш Сәтбаев: ғалым, тұлға, патриот» “Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің “Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 9Ә сынып оқушылары Абдуашева Сұлтанай Бақдаулет Рамазан Бисенғали Қайсар Болат Іңкәр Болатұлы Мирас Булатова Гүлжан Жолдас Айнұр Зинолла Әбілмансұр Қаиржан Сұлтан Қоныс Рамазан Қуаныш Айдос Қыдырсих Альбина Маратқызы Ақұлпа Табылды Айнұр Төреғали Балнур Ғылыми жетекшісі Баймағамбетов Ерлан Русланұлы-“Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің “Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Қаныш Сәтбаев – қазақтан шыққан тұңғыш академик, Қазақстан ғылымының негізін қалаушылардың бірі және танымал геолог. Ол Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеуде ерекше үлес қосқан. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі – өнегелі ауылында дүниеге келді. Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. “Қаныштың әкесі Имантай – ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын…” 1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтадыҚазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик,елімізде тау – кен ғылымының негізін қалаған ғалым – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа биыл 125 жыл толып отыр. Осы орайда атамызға арналған Екібастұз қаласында үлкен көрме болып өтті. Көрмеден қаншама біз білмейтін тың мәліметтер ала отырып ойтүйгенім, қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген, дүниежүзіне танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев артына көп салалы ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлға болғанын мақтанышпен айтқым келді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Біздің қазақ даласы қай заманда да дарынды адамдарға кенде болмаған, әлемдік өркениетке сом үлес қосқан, осыдан мың жыл бұрынжасаған әл-Фарабиден бастасаңыз, 500 жыл бұрын Мұхаммед Хайдар Дулатидан бері қарай таратсаңыз, Абай мен Шоқанға дейінгі аралықта ғылым аспанында халқымыздың құйрықты жұлдызы болып аққанталай перзенттерін атауға болады. Ендігі жерде сол есімдерге бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан лайықты бағасын беру, ұлтымыздың мақтанышы – адамзаттың мақтанышы екенін көрсете білу баршаңыздың сіздер мен біздердің парызымыз,– деп атап көрсеткен болатын [1, 5 б.]. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атап көрсеткендей ХХ ғасырдағы қазақ халқының дарынды перзенттерінің бірегейі Қ.И. Сәтбаев болды. Ғалым артынан ғылымның қай саласы болмасын мол мұра қалдырған, тұңғыш тау –кен инженер геологы, Қазақстан ғылымының атасы. Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы [2, 617б.]. Ғалымның бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. Академик Қ.И.Сәтбаевтың еңбектерінің басым көпшілігі рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның минералдық ресурстарын зерттеуге арналған. Пайдалы қазындылардың болжам карталарын құрастырудың принциптерін айқындаудағы ғалымның еңбегі өте зор, олОдақтағы металлогения ғылымын жасаушылардың бірі және қазақстандық тау-кен мектебінің негізін қалаушы болып табылады. Қазақстандағы қара металургияны дамытудың үлкен маңыздылығыбойынша қырықыншы жылдардыңбасында республика аумағында ірі металлургия заводын салу мәселесі көтерілді. Сол кездерде КСРО Ғылым Академиясы Қазақстандағы филиялының Геологияинститутында Қ. И. Сәтбаевтыңиннциативасы бойынша Қазақстандағы темір мен марганецкең орындарының геология – экономика сипаттамаларын беру және болашақ металлургия заводының шикізат қорын әрі қарай ұлғайту жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды. Қаныш Имантайұлыөзінің әріптестерімен бірге 1942 жылы осы заводты салатын жерді белгілейтін Үкімет комиссиясының жұмысына қатысты. Олар сонда Қарағанды қаласының іргесіндегі Теміртау алабын таңдап алды.Осыған орай республикадағы барлық ғылыми зерттеу мекемелерінің жұмысын үйлестіріп отыратын ғылыми-техникалық кеңес құрылды. Ұлы Отан соғысы кезеңі КСРО ҒылымАкадемиясының Қазақ филиалыүшін күрт өсу жылдары болды. «Филиялдағы ғылыми жұмыстардың өте –мөте анағұрлым өсуі біздің еліміздің қанқұйлы жауға қарсы қайрат күшжұмылдырған Ұлы Отан соғысыкезінде байқалды, – деп жазды. 1946 жылы 1 маусымда республика өмірінде қазақ халқының ғылымы мен мәдениетінің дамуында үлкен серпіліс болып,айырықша мәнді оқиға болғаны бәрімізге мәлім. Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылып, оның тұңғыш президентіболып Қ. И. Сәтбаев сайланды. Республиканың ғылымиорталығында бұл уақытта 1500-денастам адам,оның ішінде 78 ғылым докторлары және профессорлар, екі жүздей ғылым кандидаттары жұмысістейтін. Сонымен бірге қазақ ғалымдарының да саны өсті, олардың арасында 12 ғылым докторлары және отыздан астамғылым кандидаттары болды [3, 23б.]. Қаныш Имантайұлы үшін өмірінің басты мазмұны өз Отаны – Қазақстанына деген шексіз сүйіспеншіліктен тұрғандығынан, ғалым республиканың халықшаруашылығы мен мәдениетінжедел көтерудің ықпалды құралыболды.«Қаныш Имантайұлыкабинеттік ғалым емес еді, – деп еске алады, академик Н. В. Мельников - ол ғылым мен практиканың тұрақты байланысын және өндірістің мүддесін ескеру ең басты деп санады. Ғылымды ол еліміздің күштерін дамытуға қуатты көзі деп, есептеді [4, 107 б.]. Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар [5, 135 б.]. Қорытындылай келе, Қ.И. Сәтбаев aртынa қaлдырғaн мол мұрacы қaзiргiтaрих ғылымындa жaлпымәдeниeтiмiздe болып жaтқaн iргeлi өзгeрicтeрмeн үндec, болaшaққa қызмeт жacaйтын ұлтымыздың рyхaни бaйлығынa жaтaды. Қ. И. Сәтбаев шығaрмaшылығын, cондaй-aқ тaрих ғылымының бeлгiлi бiр caлacымeн ғaнa шeктeп қaрacтырy қaтeлiккe ұрындырaды. Өйткeнi, ғылымның өзi тaрихи процecтeрдi жaн-жaқты өзaрa caлыcтырa, ұштacтырa зeрттeyдi мaқcaт тұтқaн. Cондықтaн дa ол aрхeологиялық ecкeрткiштeрдi тaрихи-жaзбa дeрeктeрмeн, тaрихи жaзбa дeрeктeрдi aлдыңғы eкeyiмeн бaйлaныcтырa зeрттeгeн. Cол aрқылы ғaлым хaлқымыздың жүрiп өткeнтылcым әлeмiн жaрқырaтып, aшaбiлгeн. Оcындaй мол дүниe қaлдырғaн aкaдeмик Қаныш Сәтбаев ғылымғa бeт бұрғaн жacтaрғa, cонымeн қaтaр бiз cияқты, мeктeп қaбырғacындaғы оқyшылaрғa eлiнiң нaғыз пaтриоты болyғa үлгi тұтaтын ұлы дaлa тұлғлaрының бiрi дeп бiлeмiн. Ғалым қазақ халқының ұлы перзенті, ол өз халқын ғылыммен білімге, өнер мен өркениетке шақырып, қолынан келген көмегін аямады.Оның қамқорлыңы арқасында ғылымға бет бұрған жастар ғылым кандидаттары, докторлары деген атаққа ие болды. Көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері, қазақстан ғылымының жетекшісі – Ұлы тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өз халқы үшін орасан зор қызмет жасап,артынанөшпестей бай мұра қалдырды.Сондықтан болар ХХ ғасырдың аяғында халық оны «Ғасыр адамы» деп атады. ӘДЕБИЕТТЕР 1 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қазақстан ғалымдарының библиографиялары. – Алматы : ҚазақССР– нің ғылым баспасы. – 1989. – 159 б. 2 Әлжанов Т. М., Сәтбаева М. К.Қаныш Сәтбаев қазақ елінің тұлғасы.– Алматы : Ғылым ғылыми баспаорталығы., – 2002. – 164 б. 3Наливкин Д. В. // Академик К. И.Сатбаев . – Алматы., Ғылым баспасы. – 1965.39– 40 б. 4 Сәрсеке М. Дара дарын .Роман – эссе. – Астана : Фолиант, 2008. – 484 б. 5 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.Қазақстан ғалымдарының библиографиялары. – Алматы :ҚазақССР– нің ғылым баспасы. – 1989. - 159 б.