ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа есім» жобасы аясында «Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы жарық көрді. Энциклопедия «Полиграфкомбинат» ЖШС («Атамұра» баспасы) баспаханасынан өте жоғары сапада, түрлі-түсті форматта басылып шығарылды. Жинаққа Республикамыздың барлық өңірлерінен толық қатысты. 250-ден аса білім беру мекемелерінен 1500-ден астам педагог мамандары мен оқушы, студент жастары енгізілді. Энциклопедияның рецензиясын Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Клара Қабылғазина жазып, мекеме жобаларына жоғары баға берді.
Қазақстанның білім саласындағы жетістіктері жылдан-жылға тәуелсіз мемлекет дамуына сай табыстарға жетіп келе жатыр. Оған халықаралық ұйым ЮНЕСКО мәліметтері дәлел бола алады: «2009, 2010 жылдары Республика білім дамуының ең жоғарғы индексі (ИРО) бойынша Жапония, Норвегия, Германиялармен қатар әлемнің үздік төрттігіне енген. Міне, осындай халықаралық сарапшылар анықтаған көрсеткіштер Қазақстан оқушыларының білім сапасының жоғары екендігін көрсетіп отыр. Осының бәрі Қазақстан Республикасы үкіметінің білімді дамытуға зор көңіл бөліп отырғандығының айғағы. Сондай қадамдардың бірі ҚР Президентінің Жарлығымен жарық көрген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – елдің материалдық, рухани әл-ауқатын жақсартып, экономиканы тұрақты дамытып, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту екені айқын. 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында аталмыш бастамалар лайықты жалғасын тапқан: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет». «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек», «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында», «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс». Болашаққа бағдар болатын осы ұстанымдарды жүзеге асыруға атсалысып жатқан ұйымдар да, мекемелер де бар. Солардың арасында елдегі білім саласын жақсартуда айрықша еңбек сіңіріп жүрген – «SKILLS ACADEMY» мекемесі. Martebe.kz, Qaztest.kz, Ozattar.kz сияқты сайттарды құрамына енгізген бұл мекеменің жетістіктері де баршылық. Мысалы, Martebe.kz білім порталы 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығын иеленіп, ең үздік қазақ тілді білім сайты атанса, осы атақты 2017 жылы Qaztest.kz интернет олимпиада сайты ұтып алды.
«SKILLS ACADEMY» мекемесі тағы бір ауқымды жобаны іске асырды. Ол – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа есім» жобасы аясында «Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясын» жарыққа шығарды.
Энциклопедия мұқабасыЭнциклопедияға ЖОО, орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беретін мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен мектеп оқушылары, студент жастар енгізілді. Кітапқа еңбек өтілі 3 жылдан жоғары, яғни ұстаздық өмірге сіңісіп үлгерген, тәжірибелі, білім саласының озаттары ұсынылған. Энциклопедияның тағы бір артықшылығы – балабақша ұстаздарының да қамтылуы. Бұл жобаның интернетте сайты бар. Сайт өткен жылы Халықаралық «Жылдың үздік сапалы инновациялық жобасы» байқауында үздік деп танылған. Жинаққа шығарылған адамдарды сайтқа енгізу де жоспарланып отыр. Жобаның басты мақсаты – ұстаздардың мәртебесін көтеру, білімді азаматтарды насихаттау және оларға рухани қолдау көрсету.
Аталған мекеме жүзеге асырмақ жобалардың бірі – ұстаздар мен білімді жастарға рухани дем, қуат беретін «Қазақстан ұстазы» және «Қазақстан үміті»төсбелгілерін шығару. Шетелдерде, мысалы, Жапонияда ұстаздарды көпшіліктен ерекшелеп тұратын төсбелгі шығарылған. Халық сол белгіге қарап ұстазды таниды, сый-құрмет көрсетеді. Біздің елде де оларға деген құрмет ерекшеленсе, сапалы білім деңгейінің артуына бұдан да зор үлес қосылатынына күмән болмас. «Қазақстан ұстазы» төс белгісін əрбір ұстаз кеудесіне таққанда өз қызметінің мəртебелі мамандық екендігін сезінеді, мұғалімді қоғамнан ерекшелеп, оған деген құрметтің артуына себепкер болады. Ал «Қазақстан үміті» төсбелгісі əр салада жетістікке жетіп жүрген оқушы, студент жастарға арналған. Жастар төсбелгіні кеудесіне тағу арқылы елдің үміті екенін сезіне алады, Отанға деген сүйіспеншіліктері оянып, елдің болашағы үшін қызмет жасауға ұмтылатын болады. Төсбелгілер ұстаздар мен жастардың күнделікті өмірде тағып жүруіне ыңғайлы етіп жасалған.
Қатысушылардың көпшілігіне 25 мамырға дейін жеткізіліп берілсе, кей қатысушыларға 26 мамыр күні казпочта арқылы толық жіберілді. Кітаптың жіберілгені туралы ақпаратты білу үшін байланыс номерлеріне хабарласыңыз.
Барлық ұстаздар қауымы мен оқушы жастарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!