"Театр түрлері балабақшада" баяндама


25.03.2020, 23:22

     «Театр түрлері балабақшада » баяндама

     Театр – тәрбие ошағы. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамытаотырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады.

     Театр – балаларға түсінікті өнер түрі, ол қазіргі педагогика мен психологиядағы:

  • эстетикалық талғамын қалыптастыруға;
  • адамгершілік тәрбиесіне;
  • тұлғаның коммуникативтік сапасын дамытуға (қарым-қатынастың түрлерін үйрету);
  • ерік – жігерін тәрбиелеп, ес, қиял, тілін (диалог және монолог) дамытуға мүмкіндік береді.

Ең басты, театр баланың рухани және шығармашылық қарымын ашады және оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне шынайы мүмкіндік береді.

Театрлық ойын – мектепке дейінгі балалар ойының бірі бола отырып, адамгершілік мәндегі әдеби не фольклорлық шығармаларды түсіндіру және осы ойынға қатыстыру барысындағы әлеуметтендірудің тиімді құралы болып табылады. Бұл ойын ұжымдық сипатта болады және жағымды өзара әрекет тәсілдерін меңгеруге, достық, жолдастық сезімдерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Театрлық ойындарда эмоциональдық дамуы жүзеге асады: балалар кейіпкердің сезімі, көңіл күйімен танысады, олардың сыртқы келбетін сипаттай отырып, себебін түсінеді.

Тіл дамыту үшін де (диалогты және монологты сөйлеуді қалыптастыру, көркем мәнерлі тілін жетілдіру) театрлық ойындардың маңызы зор.

Ақырында театрлық ойындар баланың өзін танып көрсету және өз қабілетін іске асыру құралы болып табылады.

          Мектепке дейінгі мекемелерде театрлық ойындар мерекелерде ең бастысы «көрініс» ретінде пайдаланылады. Жақсы нәтижеге жету үшін жеке не ұжымдық дайындықтарды педагогтар балалармен бірге мәтінді ғана емес, дауыс екпінін және қимыл- қозғалысты жаттауға мәжбүр болады. Баланы «жақсы әртіс» болуға үйренеді.

Театрлық қызметтің мазмұны:

  • қуыршақ театрының қойылымдарын көру және талқылау;
    • балалардың әлеуметтік- эмоциялық дамуына арналған жаттығулар кешені;
    • түзетүмдеу – дамытушы ойындар;
    • дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығулар (артикулярлық гимнастика);
    • қолдар қозғалшықтығын дамытуға арналған тренингтер;
    •  ымдауды, мимиканы қалыптастыруға арналған жаттығулар;
    • театрлық  этюдтер;
    •  әртүрлі ертегілер қойылымы;
    • ертегіні драмалау құралдарымен (ымдау, қозғалыстар, сахналық көрініс және т.б.) жұмыс.

      Театрландырылған ойындардың сипатты ерекшеліктері мазмұндарының әдеби немесе фольклорлық негізде және көрермендерінің болуы болып табылады. (Л.В.Артемова, Л.В.Ворошина, Л.С.Фурмина және т.б). Оларды топқа: драмалау мен режисерлікке бөлуге болады.

Театрланған ойын.

1. Драматизациялық ойын. Бұл ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған сахналық қойылымда бала ойын – драматизациясында кез келген бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.

Драматизация түрлері: 

  •  Жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
  •  Мәтін бойынша негізделген диалог, монолог, рөлдік ойындар;
  •  Шығармашылық көрсетілім;
  •  Бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойылым қою.

Драматизация ойынының 2 түрі. Саусақ ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді. Саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді. Сондай-ақ, саусақ драматизациясының мынадай қасиеттері бар:

- қол жетімді, қолданысқа жеңіл, ыңғайлы.

- кейіпкерлердің фигуралары саусаққа киіледі.

- балалардың ұсақ қол моторикасын, тіл байлығын, назарларының тұрақтылығын, есте сақтау қабілеттерін дамытады;

- кеңістікте бағдарлау туралы түсініктерін қалыптастырып, ептілікке, қимыл қозғалыс еркіндігіне баулиды; бас ми қабығының тонусын көтеріп, жұмысқа қабілеттілігін көтереді;

2. Режиссерлық ойындар. Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады. Ары қарай режиссерлық үлгідегі сан алуан театр түрлеріне қысқаша шолу жасайық.

  • Ойыншықтар театры. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтар – марионеткалар қолданылады. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне костюм, үлкен бетперде киеді. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтардың көмегімен балалар ән , би , ойын көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
  • Үстел үсті театры. Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үсті театрының түрлері ең көп нұсқалы десек болады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды);
  • Фланелеграф  театры - суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады. 
  • Трафарет театры -Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
  • Көлеңкелі театр - жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.

Театрландырылған ойынды дамытудың негізгі бағыттары:

      Жасы кіші мектеп жасына дейінгі балалармен- баланың театрландырылған қойылымды ересек адамның орындауын бақылаудан біртіндеп дербес ойындық қызметке көшуінен; жеке және «қатар ойнаудан» рөл ойнайтын 3-5 құрдасынан тұратын топта ойнауға; фольклорлық және әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктеуден кейіпкердің негізгі эмоцияларын беруді және ойын- драмалауда қарапайым «үлгілік» бейнені жасау ретінде рөлді игерудің үйлесіміндегі еліктеуге дейін өтуден тұрады.

      Орта жастағы мектеп жасына дейінгі балалармен– баланың «өзі үшін» ойынынан көрерменге бағдарланған ойынға қарай біртіндеп өтуден; ең бастысы үрдісті де, нәтиже де маңызды болатын ойынға; тақылеттес («параллель») рөлдерді орындайтын құрдастарының шағын тобындағы ойыннан рөлдік позициялары әр түрлі (тең  құқықты, бағыну, басқару) 5-7 құрдасының тобындағы ойынға; ойын- драмалауда жай «үлгілік» бейнені жасаудан кейіпкердің эмоциялары, көңіл- күйі, жағдайы, олардың алмасуы үйлесетін біртұтас бейнені жасауға дейін өтуден тұрады.

      Жасы үлкен мектеп жасына дейінгі  балалармен – баланың бір әдеби немесе фольклорлық  мәтін бойынша ойынынан баланың сюжетті еркін құруы түсінілетін ойынға біртіндеп өтуден, онда әдеби негіз оны баланың еркін түсіндірмелеуімен үйлеседі немесе бірнеше туынды біріктіріледі; кейіпкер ерекшеліктерін беру үшін көркемдік құралдар пайдаланылатын ойыннан кейіпкер бейнесі арқылы өзін-өзі білдіру құралы ретіндегі ойынға; орталық «артист» болып табылатын ойыннан «артист», «режиссер», «сценарийші», «безендіруші», «киімші» позициялары болатын кешен ұсынылатын ойынға , алайда бұл кезде әрбір баланың қалауы жеке қабілеттіктері мен қызығушылықтарына байланысты оладың біреуіне түседі; театрландырылған ойыннан жеке тұлғаның өзін- өзі көрсетуі мен қабілеттіліктерін іске асыру құралы ретінде театрлық- ойындық қызметке дейін өтуден тұрады.

      Осылайша ұйымдастырылған жұмыс театрландырылған ойынның шығармашылықтың әралуан түрлерінде баланың өзін-өзі мүмкіндіктерін іске асыруына, құрдастарының тобында өзін-өзі бекітуге жағдай жасайтын болады. Ал МДҰ- дағы мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі ойын мен өнердің әр түрлерін кіріктіру есебінен қызғылықыты бола түседі, олар театрландырылған- ойындық қызметтен өз көрінісін табады.

     Театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр - балалар үшін мереке демалыс орны. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.