Үйде оқытудың заманауи мүмкіндіктері


18.05.2020, 18:40

Түркістан облысы

Отырар ауданы

«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, информатика пәнінің мұғалімі

Әлия Төрегелдиева

 

 

Үйде оқытудың заманауи мүмкіндіктері

 

 

 

 

 

 

 

Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді  механизм  ретінде  инклюзивті  білім  беру  танылды.  Басқа  көптеген мемлекеттер  сияқты  Қазақстан  да  инклюзивті  бағыттағы  жалпы  білім  беретін ұйым  барлығы  үшін  орта  білім  беруді  қамтамасыз  ететін,  сондай-ақ  елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды.

Үйде оқыту құралына техникалық құралдар (компьютер, компьютер оқулығынан үзінділер т.с.с.) үйде оқитын оқушының жеке даму картасын бақылау, оқулықтар, анықтамалық әдебиеттер, диагностикалық әдістемелер жатады. Оқушының білімділігі үйде оқытуды ұйымдастырудың нәтижесі болып табылады.

Өз пәнімді үйде  оқытуды  ұйымдастыру  бойынша  жалпы  әдістемелік ұсынымдардың 9-шы пунктінде:

Апараттық-коммуникациялық  технологиялардың  (бұдан  әрі -  АКТ) заманауи  мүмкіндіктерін  пайдалану.  Көптеген  елдерде  ұзақ  уақыт  бойы  білім беру ұйымына бара алмайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың тиімді және қолжетімді түрі қашықтықтан үйде оқыту болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың,  сонымен  қоса  смартфондар, программаланатын  және  механикалық  lego-  құрылымдардың  заманауи мүмкіндіктерін  сауатты  және  мақсатты-практикалық  қолдану  оқыту  процесін, оның  ішінде  үй  жағдайындағы  оқуды  тек  арнайы  лабороторияларда  мүмкін болатын  оқу-зерттеушілік  процеске  айналдырады.  Сонымен  қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқытудың АКТ-құралдарын қолданудың эргономикалық және  денсаулық  сақтау  нормаларын  қатаң  қадағалау  талап  етіледі.  Үйде оқытуда  АКТ  қолдану  балаларда  өзіндік  оқу  мен  зерттеу  жұмысының дағдыларын  қалыптастыруға  елеулі  ықпал  етеді.  Соңғы  жылдары              жүргізілгенүйде  оқытылатын  балалардың  әлеуметтену  мәселесін 

зерттейтін  арнайы ғылыми  зерттеулердің  нәтижесі  қашықтықтан  үйде 

оқытудың дәстүрлі  үйде оқытумен  салыстырғанда  өзіне  және 

 айналадағыларға  жағымды  қарым қатынасты  қалыптастыруда  тиімді 

болатынын  көрсетті.  Үйде  оқытылатын балалар  интернет-сайыстарға  қатысып,  мысалы  экологиялық  мәселелер бойынша,  жеңіп  жатқан  мысалдар  тәжірибеде  бар.  Мүмкін  виртуалды сөйлесу  құрдастармен  шынайы  сөйлесуден  кем  түсетін  шығар,  бірақ  мүгедек балалардағы  әлеуметтік  құзыреттерді  қиындықсыз 

дамытуға  елеулі  ықпал ететіні айғақ деп көрсетілген[4, б. 33-34].

Қашықтан оқытуды жүзеге асыруда педагогтар командасына және ЕББҚ бар балаларға bilimlend сайтындағы инклюзивтік курстың материалдарын қолдану оның тиімділігін арттырары сөзсіз. Сонымен бірге imektep.kz, itest.kz, bala tili, sozdik, emle.kz  сайттарының өнімдерін пайдалану керек. Институтымыздың zkoipk.kz  сайтында «қашықтық курстары» жобасы аясында «Prezi веб-сервисі», «Smart құрылғылардың мүмкіндіктері» сияқты курстар инклюзивті білім беруде қашықтан оқытуды жүзеге асыратын педагогтерге АКТ құзіреттілігін арттыруда септігін тигізеді деп ойлаймыз.

 

 

Пайданылған әдебиеттер:

 

1. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі

№ 319 Заңы

2. Қазақстан  Республикасында  мүгедектердi  әлеуметтiк  қорғау  туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы