Адамның дене мүшелері.Жаратылыстану 1 сынып


30.07.2020, 12:50

Пән: жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: «Тірі табиғат: Адам» 

Мектеп: №23

Мұғалімнің аты-жөні: Әділхан А.Ж

Күні: 12.11.2019 жыл

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Адамның дене мүшелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Сабақ мақсаттары

 Барлық оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, көрсетеді, қоршаған әлем құбылыстарын атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, сәйкестендіреді, көрсетеді,  қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атайды, ажыратады, түсіндіреді, көрсетеді, сәйкестендіреді, дәлелдейді, қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді, зерттейді.

Бағалау критерийлері

Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды.

Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Адамның дене мүшелері

Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз) – голова (глаза, нос, уши, рот) -   head

Мойын – шея -   neck

Иық – плечо –  shoulder

Дене – тело –  body

Қол – рука –  hand

Саусақтар – пальчики –  fingers

Аяқ – ноги -  legs

Құндылықтарды дарыту

 

Ынтымақтастық

Еңбек және шығармашылық

Құрмет

Адамгершілік

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

- Дене мүшелерінің сымбатты болуына ықпал ету.

Партада дұрыс отыру;

- Оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережесі

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек – жануарлардың сұлбасына қарап, олардың бейнесін табады.

Математика – дене мүшелерінің санын анықтайды.

Дене шынықтыру -  сергіту сәтінде орындалатын жаттығу, шаттық шеңберін құруда түрлі қимылдар орындайды.

Ағылшын – үш тілде амандасу, дене мүшелерінің атауларын атау.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик: BilimLand платформасынан: Дүниетану бөлімшесіндегі «Адам денесінің құрылысы. 

Бастапқы білім

Жануарлар түрлері және олардың тіршік ететін ортасы жайында, жануарлардан алынатын заттар туралы әңгімелей алады.

Адамның дене мүшелерін атайды, біледі.