Жұлдызшаның саяхаты.Музыка.1 сынып


30.07.2020, 12:52

Күні:13.01.2020

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жұлдызшаның саяхаты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 

1.1.2.1.Әндерді музыкалық аспаптың сүймелдеуімен орындау.

1.3.1.1.Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу

1.1.3.1.Жоғарғы, орта, төмен регист, темп, динамика қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.

1.1.3.2.қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.

Көбі:Бір- бірінің іс- әрекетін бағалайды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

Кейбірі: Дыбыстар мен символдарды байланыстырады, топпен қосылып ән айтуға талпынады.

Жетістік критерийлері

Айтылған дыбыстар мен әуендердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты дыбыстау арқылы, әнді өз деңгейінде айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі, бейнелеу  сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Саяхат, путешествие, travelling

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Оқушылармен үш тілде сәлемдесу.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Здравствуйте, дети!

Hello, children!

Ынталандыру сәті:

Өлең айтып, күй тыңдап,

Өнермен өссін санамыз

Оқу оқып, сусындап,

Білімнен бақыт табамыз.

Өткен сабақтарда үйренген әндерді есуке түсіріп орындау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттері шыңдалады.

Аудиожазба

 

 

Ұрмалы аспаптар

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

Жұлдызшаның достары жайлы әңгімені оқи отырып шағын көрініс ұйымдастыру. Ай шолпан, Темірқазық макетін жасап, балаларға таратып беріңіз. Мәтінді мұғалім оқиды. Ал балалар сахналайды. Мәтіндегі кейіпкерлерге сәйкес оқушылар музыкаға ілесе қозғалып жүредіАспан әлеміне осындай саяхат жасау арқылы оқушыларды Жұлдызшаның достарымен таныстырып, қызығушылығын арттырыңыз. Ай, Шолпан, Темірқазық, жұлдыз сөздеріне түсінік беріп, мысалдар келтіру. Оқушылармен ой бөлісу. Ұрмалы аспап арқылы оқушылармен бірге ырғақты сақтай отырып әндету. Әннің бастапқы до, до, фа дыбыс биіктігін дұрыс орындалуына көңіл бөлу.

 

Аудиожазбадан тыңдау,  оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут

 

Қызықты тапсырма

8 минут

1.Ертегі саған несімен ұнады?

2.Қандай аспан денелерімен таныстың?

3.Жұлдыздарға жол әні қалай орындалады?

4. Саяхат сөзін қол белгімен көрсетіп бере аласың ба?

Оқушыларға сұрақ қойылып жауап берген оқушыларға жұлдызша сыйлау. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау

Аудиожазба

Ұрмалы аспаптар

 

 

 

жұлдызшалар

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Оқушылар кері байланысты өз топтары мен басқа топтарға ауызша беріп, ұсыныстарын айтты.

 

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

 

 

 

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

 

 

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.