Отандық тарих ғылымының жетістіктері және жаңашылдықтары


05.11.2020, 2:48

Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына сөзсіз ресейлік кеңістігі ықпалы өте зор болған айтуымыз керекпіз. Алайда, ресейлік, (кеңестік) идеологиясының аясынан дербес түрінде өзіндік ерекшелікке тән отандық тарих ғылымы гүлденіп даму үстінде. Мысалы, 2003 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырылған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ең алдымен, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның аясында: қазақ мифологиясы, төл тарихының бастамасы ретінде ірі көптомдық жинақ «Бабалар сөзі» осының бір айқын көрінісі.

     Отандық тарихшыларымыздың ішінде: Омарбеков Т., Кәрібаев Б. Б., Көмеков Б. Е., Н. Атығаев, Төлебаев Т.,  К. Байпаков,  сынды ірі ғалымдардың өзіндік ғылыми- тәжірбиелі жұмыстарының  аса жоғарғы мәнге ие.  Осы арқылы біз отандық тарих ғылымының жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, онымен шектелмей, жаңашылдықтарды іздеу мақсатта, жаңа көзқарастар мен ұлттық идеялары негізінде төл тарихымызды жазылуына іргетасын қалап бергендер, дәл осы жоғарыда аталған ұлы ұстаз, ғалымдарды айтып отырмыз. Егер де, Омарбеков Талас зерттеуші ғалым ретінде, 1930 – жылдардағы ашаршылық мәселесі, кейіннен ежелгі Қазақстан тарихы бойынша түрік тілдес тайпаларды жан-жақты зерттелуімен айналысып жаңа көзқарастарды қалыптастырса, Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев тек тарихшы ғана емес, философ ретінде, әсіресе Қазақ хандығының құрылу мәселесін жүйелеп, талдап, өзіндік дәлелдемелердің аясында жаңа ұлттық принципі негізінде (методологиялық тұрғысынан) ғылыми тұжырымдарын көрсетті. Болат Ешмұхамедұлы Көмеков отандық тарих ғылымының «аңыз адамы» ретінде көрсете отырып, Қимақ-Қыпшақ мемлекеттерінің жан-жақты зерттеу барысында араб жазба деректері арқылы дәлелдеді, сонымен бірге, дәл осы Қыпшақ мемлекетінің, Қазақ тарихындағы ең маңызды кезеңінің бірі ретінде көрсете отырып, қазақ халқының генезисіне өшпес із қалдырған дәл осы – қыпшақтар. Тағы бір жаңалығы К. Байпаков археолог ғалыммен бірлесе отырып, Алматы қаласының 1000 жылдық тарихы бар екендігін дәлелдеді. Н. Атығаев ғалымының  зерттеулері, отандық тарих ғылымының дамуына үлесін қосуда, мәселен Моғолстан мемлекетіндегі исламдану( исламизация) мәселесін талдауы, және т.с.с кейінгі орта ғасырлық кезеңдегі күрделі әрі толық зерттелінбеген мәселелерді қозғайды. Тұрғанжан Төлебаев тарихшы ғалымының басты ерекшелігі, күрделі батыстық (еуропалық) ғылыми тұжырымдарлары мен методологияларына қазақтың төл сөзіменен, отандық тарих ғылымына жаңаша идеяларды әкеліп отыр.

      Осыған орай отандық тарихтағы жаңашылдықтары ретінде ендігі ескі орыстық идеяларды қолдануды шектеп, өзіміздің төл тарихи идеяларды қалыптастырып, жаңаша батыстық-шығыстық концепция қалыптастыру жолында аталған ұстаз-ғалымдарының еңбектері өте маңызды, әрі өзекті саналуда. Мысалы, батыстық-шығыстық концепцияның бір тармағы ретінде, еуропадан келген түрлі дәстүрлі, қазіргі (жаңа) методологиялық бағыттарының қазақ (отандық) тарихымызда қолдану қаншалықты қажетті немесе тиімді? Осы арқылы отандық тарихтағы қарастырылмаған мәселелерді шешудегі рольі қандай? Міне, осы проблематикаларды қарастыру үшін, ең алдымен төл тарихымызды қайта жаңғырту өте маңызды. Ал, осы ғылыми жолда отандық тарихшылардың алатын орыны мен рольі аса жоғары.

 

 

Кәрібаев Б. Б.

ҚР ҰҒА академигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

 

Исахов Е. А.

Тарих, Археология және этнология факультетінің

«7М02210» – мамандығының 2 курс магистранты