Білімділер мекені ҚазҰУ - жаңаша оқыту форматтары


20.11.2020, 12:13

Білімділер мекені ҚазҰУ - жаңаша оқыту форматтары

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – Қазақстан Республикасындағы жетекші университеттердің бірі болып табылады. 2020 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-ларынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-210 ең үздік университеттер қатарына кірді.

Білімділер мекені Қазақ Ұлттық Университеті жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие.

Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – бұл бізге көптеген мамандықтарды таңдауға мүмкіндік беретін үздік оқу орны және ғылыми кешен, 180-нен астам мамандықтарды қамтиды. ҚазҰУ Қазақстан Республикасы бойынша магистранттар мен докторанттардың саны жағынан көшбасшы болып тұр.

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты барлық ЖОО-ның студенттері қашықтықтан білім алу форматында оқып жатыр. Олардың ішінде еңсесі жоғары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіде бар. 

Қашықтықтан оқыту – адамның біліммен қатар түрлі мәліметтер алуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесі. Қашықтықтан оқыту – заман талабы. Оның басты артықшылығы – адам қалаған уақытында және қалаған жерінде білім ала алады.

«Университеттің дамыған IT-инфрақұрылымы барлық студенттерді қашықтықтан оқытуды қамтуға мүмкіндік береді». Осы орайда ҚазҰУ-да қашықтықтан оқытуда «УНИВЕР» (univer.kaznu.kz) және «MOODLE» (dl.kaznu.kz) сынды ақпараттық білім беру платформалары, «ZOOM», «TEAMS», «DISCORD» секілді басқа да қосалқы цифрлық сервистер пайдаланылуда. Мұндай ақпараттық білім беру платформаларының өзіндік атап айтар мүмкіндіктері де бар.

univer.kaznu.kz білім беру платформасында оқу үрдісінің барлық қызметін бақылауға, тапсырмалар беруге, студенттердің тапсырмаларды орындауын қадағалауға, уақытты тиімді пайдалануға, студенттерді бағалауға және басқа да мүмкіндіктер береді.

ҚазҰУ программисттері де университеттің оқытушылары мен студенттердің қашықтықтан білім алуына барынша мүмкіндіктер жасап, «УНИВЕР» жүйесінің ең танымал білім беру платформасы «MOODLE»-мен интеграциясын жүзеге асырып, қамтамасыз етіп отыр.

 

 

 

 

 

 

Студенттер берілген уақыт аралығында тапсырманы жасап, қайта жүйеге жүктеуі тиіс. Менің ойымша, бұл студенттер үшін өте тиімді. Себебі, студенттерге бір апта уақыт берілетіндіктен, олар өз уақыттарын өздері ұйымдастыра алады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - жаңаша оқыту форматтары арқасында дәрістер мен семинар сабақтарын өтуде, бір уақытта 100-ден аса студент кіре алатын «ZOOM», «TEAMS» секілді бағдарламалар бар.  Әр оқытушы сабақтың алдында видеосабаққа қосылу үшін сілтеме жібереді. Егер шет аймақтағы студенттер интернет байланысының нашарлығына байланысты видеосабаққа кіре алмаған жағдайда, оқытушының «WHATSAPP» жеке чаты немесе электронды поштасы арқылы байланысқа шыға алады.

Қазіргі таңда ҚазҰУ студенттері оқытудың жаңа форматында нақты уақыт режимінде, әрі бұрынғы кесте бойынша білім алуда. Ол – сандық технологияны үздіксіз жетілдіру жолында жүргізіліп келе жатқан ерегейлі еңбектің нәтижелері.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Тарих, археология және этнология факультеті

Т.ғ.к., доцент З. Майданали

2-ші курс магистранты Даирова Гүлдана