«HTML тілінің негіздері»


04.12.2020, 23:38

Тақырыбы

«HTML тілінің негіздері» 

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті- олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтар програмалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым програмалау тілі емес. HTML- гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынтығын айтады.

HTML тілінің атқаратын қызметі

 Web-парақтары экранда ықшамды түрде көрсетілгенімен, HTML тілін мәтіндерді пішіндеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана заводтан шыққан бір компьютерді Windows жүйесінде жұмыс істей алатын браузер бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін  ескі браузерды пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіншіліктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көсетіледі.

Ал, үшінші компьютердегі  Web-парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.

Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі браузер программаларымен көретіндіктерін ескерсек,

HTML тілін мәтіндерді пішіндеу тәсілдерін жасауға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейнелеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі-ашады, екіншісі-жабады.

Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг –сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық симвлымен (/) басталуы тиіс.

Кейбір тәгтер өз жазылу орынына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды.

Егер тәг ретінде  HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып, кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.

Браузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

HTML тілі бағдарламасы және түсініктеме беру

<HTML>HTML құжатының басталуы

<HEAD>Басты бөлігінің басталуы

<META http-equiv=”Content-Type” Құжат туралы ақпарат

content= “text/html; charset=windows-1251>

</HEAD>Басты бөлігінің соңы

<TITLE>  HTML-құжаты</TITLE>Құжаттың  аты                                                                                 

<BODY>Құжат денесінің басы

<H1>Әсет Бейсеуов жайлы</H1>Тақырыбы

<HR>Көлденең сызық сызу

<P>Еже (Абзац)

Қазақ халқының өмірде ән мен күйдің алатын орны ерекше. Олар ұлтымыздың жансерігі, рухани тірегі. Асқаралы асқақ тау, сарқыраған асау арна, жайқалған ағаштары бар қасетті Қарғалы жерінен рухани тіректің табылмауы мүмкін емес. Осындай керемет өңірде өмірге келген дара тұлға, музыка өнерінің үркер жұлдызы- ӘСЕТ БЕЙСЕУОВ.

</P>Еже (Абзац) соңы

</BODY>Құжат денесінің соңы

</HTML>HTML құжатының соңы

<META http-equiv=”Content-Type” content= “text/html; charset=windows-1251>HTML құжат жайлы браузерге кодталуы жайлы ақпарат береді.

HTML тілінде жұмыс жасауды бастау

1.Ол үшін Қапшық ашып аламыз. Қапшық аты латын әріптерімен болғаны дұрыс.Мысалы: html dok

 2.Блокнот бағдарламасын ашып, Файл-Сохранить как әмірін орындап блокнотты сақтаймыз. (Сурет-1)

 (Сурет-1)

  (Сурет-2)

Блокнотты сақтағанда Папка тұсына қапшық атын айналдыру жолағы арқылы тауып қоямыз.Имя файла өрісіне файл атын жазамыз. Мысалы: index01.HTM. Ал тип файла өрісіне айналдыру жолағы арқылы Все файлы таңдап қоямыз. Сохранить батырмасын шертсек файлымыз html dok қапшығына сақталады. (Сурет-2)

   Сақталған файл белгішесі блокноттың емес Internet Explorer браузерінің белгішесі түрінде болуы керек. Файлдың қапшықта сақталған жағдайын көріп тұрмыз (Сурет-3).

(Сурет-3)

  index01.HTM файлының үстінде оң жақ батырманы шертіп, шыққан контекстік мәзірден  Открыть с помощью блокнот әмірін орындаймыз. (Сурет-4)

(Сурет-4)

HTML-құжатының құрылымы

Блокнотты ашқаннан кейін қарапайым HTML-құжатының құрылымын төмендегі түрде блокнотқа жазып сақтаймыз.

<HTML>

<HEAD>

<META http-equiv=”Content-Type” content= “text/html; charset=windows-1251>

<TITLE>

Қарапайым  HTML-құжаты

</TITLE>

</HEAD>

<BODY>

Қазақ халқының өмірде ән мен күйдің алатын орны ерекше. Олар ұлтымыздың жансерігі, рухани тірегі. Асқаралы асқақ тау, сарқыраған асау арна, жайқалған ағаштары бар қасетті Қарғалы жерінен рухани тіректің табылмауы мүмкін емес. Осындай керемет өңірде өмірге келген дара тұлға, музыка өнерінің үркер жұлдызы- ӘСЕТ БЕЙСЕУОВ

</BODY>

</HTML>

Сақталғаннан кейін браузерді ашқанда көрінетіні (Сурет-5)

 

(Сурет-5)  BODY элементі

Егер<BODY>төмендегі атрибуттарды жазбасақ мәтін түсі қара, өң түсі ақ болады. Сондықтан төмендегі атрибуттарды жазу арқылы парақтың түсін, мәтін түстерін өзгерте аламыз.

            BODY төмендегі атрибуттарды қабылдайды:

bgcolor -өң түсі /  цвет фона

background - өңдік сурет/ URL фонового изображения

text -  мәтін түсі /цвет текста

link - кірілмеген гиперсілтеме түсі  /цвет не посещённой гиперссылки

vlink - кірілген гиперсілтеме түсі   /цвет посещённой гиперссылки

alink - таңдалған гиперсілтеме түсі /цвет выбранной гиперссылки (при наведении на неё указателя)

Мысалы мына түрде жазамыз

<BODYbgcolor =green text=blue>

Сонда парақ түсі жасыл, мәтін түсі көк болады.

Түстер идинтификаторы

Әр түрлі түстер берілген (Сурет-6)

 (Сурет-6)