Инновациялық технологияларды қолдану – мұғалімнің басты міндеті


14.12.2020, 1:26

Арнайы пән мұғалімі: Тауекелова Гулсая Канатовна

Егіндібұлақ агротехникалық колледжі

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы

 

 

             Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана     мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса оның мұғалімдігі де

                      жойылады.

К.Д. Ушинский.

Орыс педагогі К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен,

Елімізде ұстаздардың, оқушылардың сонымен бірге мұғалімдердің негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл өз мамандығын дұрыс таңдай білетін, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.

Қазіргі заман ағымына байланысты студенттердің білімге қызығуын арттыру үшін педагогтарға жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті әр түрлі технологиялар жасалып, білім беру саласына енгізілуде. Жан – жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді.

Қазіргі заман талабына сай шебер де, жаңашыл педагог болудың өзі қажырлы еңбекті, үнемі ізденуді талап етеді. Оқытушы еңбегінің жемісі, нәтижесі оның студенттеріне берген білімінің сапасы мен тереңдігінде. Біріншісі, ғылыми білім болса, екіншісі сол білімін студент бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс - тәсілі. Осы екеуінің басын қатар ұштастыра білген оқытушы жаңа технологиялардың тиімдісін, ең көріктісін таңдап алып, қолдана біледі.

Қазіргі технологияны пайдалану  – келешекте ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау керек деп ойлаймын.

Педагогикалық технологияларға  мыналар жатады:

-         Әрбір студенттің жеке-дара ерекшеліктерін ескеру;

-         Студенттердің қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

-         Студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.

Білім саласы бойынша оқу үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Мысалы: модульдік оқыту технологиясында студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру алдыңғы орынға қойылады. Әр студентке жеке тұлға ретінде қарап даярлау, мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өздеріне таңдату арқылы студенттің өз деңгейін өзі анықтауға – жұмыстың түрін қызықтыра түсуіне әсер ететіні анық. Модульдік жүйеде материалдарды оқып үйрету жалпыдан жекеге қағидасы негізінде жүргізіледі.

 

Модульдық оқыту

 

                                                  Оқытуды оңтайландыру тұлғаның мүмкіндігі

                                                  не деңгейін бекіту.

 

 

Дамыта оқыту

 

                                                  Студенттің жеке тұлғасын оның білімін

                                                 дамыту.

 

 

Жекелеп-даярлап оқыту

 

                                                 Студенттің бұл қабілеттерін алуға, дамытуға

                                                 жағдай туғызу.

 

   

Модульдық оқыту

 

 

 

                                                 Танымдық белсенділігін шығармашылығын

                                                 ұйымдастыру.

 

               Студенттің өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға және тежеуге үйрететін оқытушы. Ол үшін біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни қызығушылығын арттырып мүмкіндігіне жол ашу қажет. Екіншіден, оқыту сапасын көтерудің басты бөлігі жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық болу қажет.

               Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдағы болашаққа қадамының басты қағидаларын негіздеп, нақты мақсат-міндеттерді айқындап берген елеулі құжат болды.

               Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

               Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

               Осы мақсатта электротехника пәнінде әртүрлі әдістерімен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және студенттердің жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

               Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін колледж тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттілігі туындайды.

               Оқытушылардың алдына қойылып отырған мақсаттарының бірі -оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру отыру және жаңа инновациялық технологияларды меңгеру.

               Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттыру кепілі. Оны өз дірежесінде пайдалану – студенттің шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Бұл технологиялардың ерекшелігі – оның студентке жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын ғана меңгеріп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілетерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласымен мен іскерлігін, оқутанымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.

               Осыған орай оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолданып жүрмін.

               Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты – студенттерге жеңілден қиынға, қарапаымнан – күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, студентті ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.

               Мысалы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу» мамандығы бойынша топта электр өрісі тарауын қайталау мақсатында өткізетін сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

               І-деңгей: мынадай сұрақ беремін.

     1. Электр өрісі – электростатикалық өріс. Кулон заңының      тұжырымдамасы.

     2. Қандай электр өрісін біртекті дейді?

3. Электр сыйымдылығы дегеніміз не?

               ІІ-деңгей: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын студенттер С белгісімен белгілейді. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға А белгісіндергі есептер беріледі.

               ІІІ-деңгей: жазу мен сызуды және есептерді ой тұрғысынан ойлауды практикалық жұмыста қолданамын.

               IV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады.

               Қорыта айтқанда, деңгейлік оқыту студент пен оқытушының белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, студенттерге өз білім жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

               Барлық студент өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл студенттер арасында жарысу жағдайын туғызады және әр студенттің өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.

               Қазіргі кезде біз сабақ беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын көбірек қолдансақ, онда біз әлемдік білім беру кеңістігіне тезірек шығар жол табамыз деген ойдамын.

 

 

               Қолданылған әдебиеттер:

 1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы»

2. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 2015-2016жж.

4. Колледж және кәсіптік бағдар. Республикалық әдістемелік  педагогикалық журнал 2015-2016жж. 

5. Интернет материалдары.