"Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты" сабақ жоспары


19.12.2020, 18:13  

 8 «К»

2-сабақ

Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

Жалпы мақсаты:

Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаттары туралы алған білімдерін кеңейту

Күтілетін нәтиже:

  • Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатының мәнін тереңірек ұғынуы
  • Ойлау қабілетінің дамуы, сыни ойлай білуі
  • Өз пікірін, көзқарасын білдіруі

Міндеттері:

  • Оқушылардың сыни ойлауларын дамыту
  • Топпен жұмыс істеуге қалыптастыру
  • Оқушылардың қазақ хандарының бойындағы әділдік, шыншылдық қасиеттерін ұғындыра отырып, өз бойларына дарыту

Дерек көздері

Қазақстан тарихы оқулығы, З.Е. Қабылдинов, А.Т. Қайыпбаева, Интернет көзі, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер,  бағалау парағы, стикер қағазы.

Тапсырмалар

№1 «Ойланудың алты қалпағы» стратегиясы

№ 2 Абылай хан туралы өз ойларын плакатқа түсіру

Кезеңдері

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

1) Оқушылармен амандасу

2) Түгендеу.

3) Оқушыларды топқа бөлу 

1) Мұғаліммен амандасу

2) 3 топқа бөлініп отырады

 

Шығармашылық

«Ойланудың алты қалпағы» стратегиясы бойынша 6 топтан тұратын топқа бөлу арқылы тапсырма беру (Сыни тұрғыдан ойлау)

Оқушылар сыни ойлау арқылы шығармашылықпен айналысады

«Ой қозғау» кезеңі

Топтарға плакаттар беріп, өз ойларын түсіруге тапсырма беру (Оқыту басқару және көшбасшылық), (Дарынды және талантты балаларды оқыту)

Хан туралы әр топ өз ойларын плакатқа түсіреді

Рефлексия

 

Оқушыларға кері байланыс үшін стикер тарату

Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін жазады

Үйге тапсырма беру

Абылай хан туралы ой толғау жазу

Үй жұмысын жазып алады

Бағалау

Критерийлер бойынша бағалау (Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау)

Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалайды