Қазақстан Республикасының президенті Қасым – Жомарт Кемелұлының 2021 жылы 5 қаңтар жұлдызында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жарияланған. Бұл мақаланың тарихи маңызы ретінде мемлекетіміздің даму кезеңі мен тәуелсіздікке қол жеткізудің тарихи процесі айтылып оның даму динамикасы тұжырымдалды. Мәселен, бұнда Қазақстан Республикасының 1991 – 2020 жж. тәуелсіздік кезеңді шартты түрде 3 кезеңге бөліп қарастырыла келе, алдағы 4-ші онжылдықтың болашағы мен жауаптылығы ел мен халық үшін кемел болу жаңа болмыс қалыптастыру керектігін алдыға тартты ал, соны негіздейтін әрі бастан кешірген қиын-қилы, жетістіктерге толы тарихи оқиғаларымен ерекшеленеді. Осылайша, ұлттық құндылықтан, рухани-материалды мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің ұмытылмауы – барлық өркениеттер өзара араласқан аласапыранда жойылып кетпеудің кепілі.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қарсаңында біздің ойымызша қазақ елінің даңқын мен ұлылығын асқақтайтын Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мәселесінің экрандық деңгейде көтеруі тарихи миссия деп білемін. Бұнымен шектелмей тарихымыздағы әлі күнге дейін ақтаңдақ мәселелеріміз, яғни ашаршылық туралы, оның құрбандарының тізімі мен саны туралы ортақ пікірді жүйелі түрде қалыптастыру керек. Әрине ең бір өзекті мәсел嬬 ұлт шежіресін басынан бастап жүйелі түрде қайта саралап жүргізу өзіміздің ұлттық тарихи болмысты қайта жаңғыртамыз, әрі төл тарихымыздың қысқаша тарихын шет тілдерге аударылу қажеттілігі өте маңызды. Себебі біреудің ұстанымен емес, енді төл-ұлттық ұстанымыз әлемге танытамыз. Сондықтан, тарихи зерттеулерді саясаттандырмай, таза ғылыми бағытта болуы керек.
Егеменді мемлекетіміздің кең-байтақ жерлерді алып жатуы мен оның ұлы қожалары сақтардың заманынан бастау алуы тарихи тереңдігіміздің бір көрінісі деп білеміз. Сақ заманының Түркілік кезеңге дейінгі одан әрі Алтын Орда, Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Қазақ хандығы кезеңдерінің тарихи сабақтастығы қазақ халқының, мемлекеттелігі мен тілі қалыптасуындағы бірнеше қилы оқиғаларына қарамастан, тәуелсіздікке қайта жетіп отырмыз. Осында, келесі маңызды қозғалатын мәселе – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді білу - әр азаматтың міндеті. Осы тұрғыда өсіп келе жатқан жастарымыздың төл тілімізді жүйелі түрде әрі өз еркімен игерсе ғана қазақ тіліміз өркендей түседі. Тілімізді тек жаттап үйренбей, тарихын игеріп қызығушылықпен игерсе, ұлттық құндылықтарымыздың бірі наурыз мерекесінің атап өтілу процессі мүлдем басқаша форматта өтер ме еді? Осы тұрғыда барлық ұлттық мәдени құндылықтарымыздың бір ортақ деңгейде қалыптастырсақ, ұлттық және ұлтаралық бірлігіміз нығаяды. Бұндағы негізгі ішкі идея қоғам мен құндылық арасындағы диалог пен бейбітшілік.
Тарихи тұрғыда алатын болсақ мәселе мемлекет (хандық, орда, тайпа, ру) пен халық әрқашан бірге күш біріктіре отырып біртұтас мемлекет құрды (Қазақ хандығы). Яғни азаматтық қоғам қалыптастыру тарихи маңызы өте зор. Мәселен, Қозыбасы тауының етегінде Қазақ мемлекеттілігінің туы тігілуі, Ордабасыдағы, Күлтөбедегі ұлы жиындардың болуының өзі біздің тарихымыздың біртұтастылығындағы тереңділігі айтылып отыр. Яғни осы ұлы жиындарға ұқсас заманауи жиын (құрылтай) қалыптастыру керек. Бұл қоғамыздың демократиялық үрдісте дамитындығының тек бастамасы. Оның үстіне, тарихи тұрғыда айтатын болсақ, Қасым- Жомарт Кемелұлы атақты тарихи тұлға Әлихан Бөкейханов тұлғамыздың сөзін келтіре отырып тәуелсіз мемлекетіміздің азаматтарында патриоттық сезімі туа салысымен болмайды, мінезден, ішкі ой-түйсігінен қалыптасады. Осы патриоттық сезім қалыптасу түйсігінің жүйелі орындалуы тарихшыларымыздың қолында, яғни өнегелі жас ұрпақтарымыздың тарихи патриоттық сезім қалыптасуы қастерлі тәуелсіздігіміздің өркенделуіне негіз бола алады. Жастарымыз тың идеяларымен, еліміздің дамуына зор үлес қоса алады және үлестерін қосуда. Осылайша бұл мақаланың тарихи маңызы ежелгі заманнан күні бүгінге дейінгі мемлекетіміздің тарихын, саясатын, мәдениетін қайта саралап, толықтай зерттеп, қоғам алдындағы ұлттық тарих тану мәселесін өзекті етіп, әрі қызығушылықты ояту керек.
Т.ғ.д., профессор Кәрібаев Б. Б.
«7М02210» мамандығының 2 курс магистрант Исахов Е. А.