Абылай хан - көпқырлы тұлға


13.10.2024, 13:29 Абылай хан - көпқырлы тұлға “Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің “Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 6А сынып оқушысы Бактияров Максат Жетекшісі, тарих, құқық негіздері пән мұғалімі: Ерлан Русланұлы Баймағамбетов ХХI ғасырдың алғашқы ширегі ірі оқиғалар мен жаһандық өзгерістерге толы, жекелеген халықтар мен елдердің тағдырында бетбұрыс болуда. Қазақстанда мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуына 30 жылдан ассада күн тәртібіне қазақ халқы тарихының көптеген өзекті мәселелері шешілген жоқ. Оның үстіне 2022 жылдың басындағы өткен қаңтар оқиғасы қарапайым халық санасына жаңаша ой салғандай болды. Қазақстан тарихындағы осындай проблемалардың бірі өткеннің көрнекті қайраткерлері туралы, оның ішінде халық жадында терең із қалдырған атақты хандар, белгілі билер мен батырлар туралы ғылыми зерттеулер әлі де болса бір ізділікке келе қойған жоқ. Бүгінгі мәселеге арқау болатын ол Абылай ханның қоғамдық саяси қызметінің сан қырлылығы туралы. Абылай хан өмір кешкен кезең қазақ даласы үшін аса күрделі саяси процессті бастан кешіріп жатты. XVIII ғасырдың 30-40-шы жылдары Қазақ мемлекеттілігінің жаңа жандануы Сұлтан, кейінірек Абылай ханның есімімен байланысты. Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы аса көрнекті қайраткерлердің бірі Абылай хан ақылды саясаткер, сауатты дипломат, дарынды қолбасшы болған. Оның негізгі міндеті Қазақ хандығын сақтап қана қоймай оны нығайту болды. Абылай хан - 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы[1]. Абылай ханның шын есімі-Әбілмансұр. Ол-Көркем Уәли сұлтанның ұлы, Абылай хан Қанышердің немересі, Барақ ханның 9-шы ұрпағы. Абылай ханның арғы атасы Қазақ ордасының атақты негізін қалаушы Әз-Жәнібектен шыққан, ол өз кезегінде Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның ұрпағы. Әбілмансұрдың әкесі Жоңғария билеушісі Цэван Рабданның шапқыншылығы кезінде жаулардың қолынан ұрыста қаза тапқан. Көптеген қайғы-қасіреттер мен қиындықтарды бастан кешірген болашақ хан 12 жасынан бастап қарапайым ортада өсті, бұл оған кейінірек шынымен бүкілхалықтық көшбасшы болуға көмектесті. Абылай туралы жазбаша тарихи деректер біздерге түсінікті орыс тілінде жиі кездеседі. Оған дәлел Ресейде революцияға дейінгі уақытта шығарылған барлық энциклопедиялық сөздіктердің бәріне дерлік Абылай хан туралы мәліметтер бар. Бұл тақырыпты зерттеуде қазақтың ұлы ағартушы ғалымы Ш.Уәлихановтың «Абылай»-атты мақаласы үлкен маңызға ие. XIX ғасырдың 60-шы жылдарының басында жазылған ол Абылай ханға арналған алғашқы ғылыми жұмыс болып табылады. Ол туралы көптеген қызықты мәліметтер, атап айтқанда, 50-ші жылдары жиналған XVIII ғасырдағы батырлар туралы тарихи материалдарда кездеседі. Қазақ хандары мен сұлтандарының шежіресі туралы өзі құрастырған кестелер де аса құнды. Шоқан Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, «ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін» шектегендігін жазды[2]. Абылай бабамыз айқандай: «Білекке сенген заманда дұшпанға жерді бермедік» - демекші, бүгін «Білімге сенген заманда көштен қалып қоймайық» ағайын. Абылай хан ұрпағына қалдырған екі аманатты орындау қазақ баласының қасиетті борышы болмақ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х 2. https://massaget.kz/blogs/13854/