Бағыты: Бұл әдістемелік құрал «Математика» пәні бойынша 5-сынып оқушыларға арналған қалыптастырушы бағалау (ҒСҒП) тапсырма жинынтығы болып табылады. Ол оқушылардың математикалық ой дағдыларын қалыптастыруға, оқу процесіне белсенділігін арттыруға және пән бойынша білімін жетілдіруге бағытталған.
Өзектілігі: Қалыптастырушы бағалау – білім беру процесінде маңызды рөл атқарады. Ол оқушылардың білім тиянақты деңгейде бақылауға, олардың түсінігін нақтылауға, олқылықтарды анықтап тоықтыруға және түзетуге нақты жұмыстары арқылы жетістіктерін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, үлгерімі төмен деңгейде оқитын оқушыларды белсенділігін арттыру, олардың пәнге деген қызығушылығын ояту және өзін-өзі бағалау қабілетін дамыту үшін тиімді әдіс тәсіл болып табылады. Бұл жинақ Қазақстан Республикасының орта білім беру мемлекеттік стандартына және жаңартылған білім беру бағдарламасына нақтыланып жасалған. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға және есептерді шешу әдістерін меңгеруге және өздігінен жұмыс істей алатындай дағдыларын қалыптастыруға негізделген тапсырмалар мен топтастырылған.
Мақсаты:- 5-сынып оқушылардың математикалық білімін қалыптастыру және нақтылау.
- Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың білім
деңгейін анықтап, олардың оқу процесіне белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
- Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылардың пәнді меңгеруіне қолдау көрсету және олардың қызығушылығын ояту.
- Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
- Сыни ойлау және есептерді шешу жылдамдығын жетілдіру.
- 5-сынып математика пәні бойынша негізгі тақырыптарды қамтитын қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу.
- Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды топтастыру.
- Бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету үшін нақты критерийлер белгілеу.
- Мұғалімдерге оқушылардың білімін бағалауда көмекші құрал ұсыну.
- Оқушылардың қателерін талдап, оларға қажетті кері байланыс ұсыну арқылы жетілдіру жұмыстарын жүргізу.
- Қалыптастырушы бағалауға негізделген тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасымен толықтай сәйкес келеді.
- Тапсырмалар оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылып көрсетілген.
- Бағалау тек сандық көрсеткіштерге емес, оқушылардың түсіну деңгейіне және білімді толықтай қолдана алуына бағытталған.
- Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушыларды қолдап, оларды пәнге деген қызығыушылығын артыру мақсатында тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай жүйеленген.Оқушылардың математикалық сауаттылығын, ойлау қабілетін жетілдіруге арналған.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жүйелі қолдану арқылы оқушылар келесі мақсаттарды меңгереді:
1. Білімді қабылдау және түсіну:
- Оқу бағдарламасындағы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды, қағидаларды түсінеді.
- Оқылған материалды нақтылап, дұрыс қолдана алады.
2. Қолдану дағдысы:
- Теориялық білімді тәжірибеде қолдану.
- Тапсырмалар арқылы өз ойларын нақты және дәлелді денгейде жеткізеді.
- Мұғалімнің нұсқаулығы арқылы өзінің әлсіз және мықты тұстарын анықтайды.
- Үздіксіз бағалау арқылы оқушының оқу деңгейін бақылап, дер кезінде түзету жұмыстары жүргізіледі.
Бұл әдістемелік құрал 5-сыныптың 34 сағаттық оқу жоспарына негізделген және мынадай бөлімдерді қамтиды:
- Натурал сандар және нөл (5 сағат)
- Натурал санның бөлінгіштігі ( 2 сағат)
- Жай бөлшектер (11 сағат)
- Ондық бөлшектер (9 сағат)
- Геометриялық фигуралар (1 сағат)
- Жиын (2 сағат)
- Пайыз (4 сағат)
Әр бөлімде оқушылардың түсіну деңгейін анықтап және алған білімін нақтылауға бағытталған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары жүйеленген. Жинақта ашық және жабық сұрақтар, тест тапсырмалары, логикалық есептер және пәнаралық байланысты ескеретін қызықты дидактикалық тапсырмалар ұсынылған.
Бұл әдістемелік құрал мұғалімдерге оқушылардың білім деңгейін объективті бағалауға, ал оқушыларға өзінің жетістіктерін түсініп, ары қарай даму жолдарын жетілдіруге көмектеседі.
