Гүлзада Пернебекқызы: «Онлайн олимпиадалар мұғалімнің шынайы бағасын береді»


25.09.2020, 17:28

«Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам – дайын психология курсынан өтеді», дейді білгірлер. Бірақ сол жан сарайына жол салып беретін адамның болуы да заңды. Бұл міндетті адам өмірінде ең бірінші атқаратын — ұстаз десек қателеспеспіз?! Оның үстіне қазір психологияға шынайы ден қойып, баланың дамуы мен мінезіне ерек мән беріліп, оның тұлға ретінде қаыптасуына жан салып жұмыс істейтін мамандар жетерлік.

Баланың әлеуметтік және тұлғалық дамуына әсер ететін маманның білікті һәм білімді болуы заңды. Осы орайда Qaztest.kz  сайты ІІ республикалық «Педагогика және психология» пәнінен қашықтық олимпиадасын ұйымдастырған болатын.

Қарашаш ЕсенбайАталмыш олимпаиадаға қатысушылардың ішінен жеңімпаз атанған, Республика бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен ұстаз Гүлзада Пернебекқызы — менің бүгінгі кейіпкерім.

Сонау Қызылорда облысының, Жаңақорған ауданының Аққұм бекетінен біздің олимпиадамызға қатысып, жеңімпаз атанған Гүлзада ханымды телефон арқылы құттықтап, бірнеше сұрағымызға жауап алған болатынбыз. Гүлзада Пернебекқызы да рақметін айтып, қуанышы мен олимпиададан алған тәжірибесін бізбен бөлісті.  

Гүлзада Пернебекқызы: Осы Олимпиаданың мен үшін маңызы зор. Өйткені ізденуіме, білімімді толықтыра түсуіме мүмкіндік берді. Шынымды айтсам, дайындық барысында тың мәліметтермен хабардар болып, білмегенімнің орнын толтырдым. Әрине, жеңімпаз екенімді білгенде қатты қуандым. Әр ұстаз еңбегінің нәтижесі арқылы бақытты ғой. Ол нәтиже осындай олимпиадалар кезінде, шәкірттеріміздің жетістігін көргенде білінеді. Сонымен қатар, қашықтықтан өтетін мұндай олимпиадалар мұғалімнің шынайы бағасын береді деп айтар едім. Біріншіден, таза-әділ өтеді, екіншіден уақыт жағынан да тиімді.

Қазір педогог-психолог болып қызмет атқаратын Гүлзада Пернебекқызы қашықтықтан өткізілетін барлық олимпиадаларға үзбей қатысуға тырысады екен. Мұны ол жаңашылдыққа құштар және ізденуден қашпайтындығымен түсіндірді. Осы мінезінің арқасында біраз жетістіктерге де жетіп жүр. Осы орайда біз Гүлзада Пернебекқызына өз әріптестерінің даму деңгейін қай деңгейде бағалайтынын сұрадық.

Гүлзада Пернебекқызы: Қазіргі қоғамдағы педагогтардың дамуы жоғары деңгейде деп есептеймін. Себебі бүгінгі таңда педагогтардың ізденуіне, білім алуына, жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Біз ақпараттық технология дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз, сол үшін енжарлыққа жол бермей мүмкіндікті пайдалану керек. Мысалы осындай онлайн оқулар, онлайн олимпиада, байқау мен конкурстар педагогтардың дамуы үшін үлкен мүмкіндік қой.

Өзім қызмет барысында 5 бағыт бойынша (психодиакностикалық, профилактикалық,  коррекциялық, әлеуметтік, диспечерлік) бағыттар бойынша жұмыс атқарып, осы бағыттарда зерттеу жүргіземін. Бұған қоса мектебіміздегі педагогтарын психологиядан қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысуына ықпал етіп жүрмін, өйткені бұл мұғалімдердің психологиялық тұрғыдан сауаттануына көмегі тиеді. 

Гүлзада әріптестері мен оқушыларды психологияға жүгінуіне күш салып жүр екен. Өйткені ол адам өз психологииясын зерттеп, түсінген адамның өз мансабын дұрыс құруына мүмкіндіктері көп болатынын жақсы түсінеді.

Гүлзада Пернебекқызы: Адам алдымен өзі қалыптасқан кезде, шәкірттерінің де жанын түсіне алады. Бірақ қазір оқушы мен ұстаз арасындағы байланыс жақсы. Оны өзім жүргізген психодиагностика зерттеулер барысында байқадым.

Әрине, кейде оқушы мінезінің қиындығы да болады. Оны байқаған кезде оқушылардың сынып жетекшілер, пəн мұғалімдері, тəлімгерлермен бірге отырып жоспар жасап мектепішілік аудандық т.б.əр түрлі іс-шараларға қамтып оқушымен психопрофилактикалық коррекциялық жəне консультациялық жұмыстар жүргіземін. Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы қазіргі таңда басты назарда.

Сабақ барысында

 

Соңғы жылдары жасөспірім балалардың бойында болатын өзгерістер мен оның қиындықтары жиі ауызға алынып жүр. Оған себеп болар айналамыздағы түрлі факторлардың бар екенін де ескеруіміз керек. Десе де осы кезеңде олардың проблемаларын дұрыс шеше алуы өте маңызды. Сондықтан педагог-психолог маманнан жасөспірімдердің әлеуметтік дамуы мен тұлғалық мәселелерін қай тұрғыда шешу жеңіл болатынын білгіміз келді.

Гүлзада Пернебекқызы: Жасөспірімдердің əлеуметтік дамуы мен тұлғалық мəселелерін «Үштік одақ» – мектеп, ата–ана, оқушы бірлескен жағдайда шешу жеңіл болады. Онда  мектептің ата-аналармен жиі қарым-қатынаста болуы бала үлгерімі мен дамуына орасан зор пайдасы тиеді. Бізге ата-ана мен мұғалімнің тығыз байланысы балаға оң серпін тигізетінін түсіну керек.

Шынында, қазіргі ата-аналар бала үлгерімін ұстаздан сұраумен ғана шектелені рас. Кішкентайдың пікірін сұрап, оның қызығушылығымен санасатын аналар аз. Ал психология маманы осыны түсіндіру арқылы «Үштік одақтың» мықты болуына ықпал еткісі келеді. Ол үшін түрлі тәжірибелерді сынап көру керек екенін Гүлзада Пернебекқызы жақсы түсінеді. 

Сөз соңында Гүлзада ханымға сәттілік  тілеп қоштастық. Алдағы уақытта да өзінің ғана емес, өзгенің де жетістікке жетуіне күш салатын осындай ұстаздардың молаюын тілейміз!