Урынбасарова Лариса Талаповна
Жетістіктері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Дамбы селосы
«Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп» КММ
2015 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. 2015 жылы Қазақстан Республиксы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы сертификатын иеленді. 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушісінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» сертификатын иеленді. 2017 жылы Атырау облыстық және қалалық білім беру бөлімінен сетификат иегері атанды. 2017 жылы Ustaz. «Билингвалды Пән Мұғалімі» «Терминология және ағылшын тілінде сабақ берудің негіздері» курсы бойынша сертификат иегері атанды. 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласында Педагогикалық шеберлік филиалы өткізген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Биология» және «Жаралыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі оқу курсын аяқтады. 2018 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Білім беру жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізудегі ізденістері үшін алғыс хат иеленді. 2018 жылы Тәрбие ісі жөніндегі бағдарлама бойынша курс сертификатын иеленді. 2018 жылы «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» Назарбаев Зияткерлік мектебі сертификатын, куәлігін иеленді. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің сертификатын иегері болды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы «Дарабоз» оқу орталығының алғыс хатын иеленді.
Шәкірттері республикалық, халықаралық олимпиадалардың, байқаулардың жеңімпаыз атанған.